Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Қазіргі уақытта коронавирустық инфекциямен күрестің маңызды кезеңі - халықты вакцинациялау. Қауіпті індетпен күресте ұжымдық иммунитет қалыптастыру аса маңызды. Бұл туралы 13 сәуір күні өткен аудандық әкімдіктегі аппараттық кеңесте айтылды. Ұжымдық иммунитет – бұл халықтың көпшілігі белгілі бір вирустан қорғалуы тиіс шекті вакцинациялау деңгейіне жету.
Ғалымдардың айтуы бойынша, коронавирус инфекциясына қарсы ұжымдық иммунитетке қол жеткізу үшін еліміздегі ересек адамдардың 60%-ын вакцинациялаумен қамту керек. Бұл қоғамдағы вирус айналымының жалпы үлесін азайтады және вакцина ала алмайтын әлсіз топтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Денсаулық сақтау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту мақсатында өткен жылы Көкпекті ауданына жылжымалы диагностикалық кешен берілген болатын. Ағымдағы жылдың 1 сәуірінде Көкпекті ауданының тұрғындарына медициналық көмек көрсету үшін «Денсаулық керуені» жылжымалы медициналық кешен негізінде жолға шықты. Бізге бұл сапар туралы «Көкпекті ауданының аудандық ауруханасының» ШЖҚ КМК баспасөз хатшысы, дәрігер эпидемиологы Е. И Сорокина айтып берді.
Алғашқы жылжымалы кешен Көкпекті ауылдық округіне қарасты Ажа ауылында болды. Ол ауылда 220 тұрғын тұрады. Кешеннің ішінде хирург дәрігер Р.Р. Насибуллин, дерматолог дәрігер О.В. Дериглазова, көз дәрігері мейірбикесі Р.О. Аринова, әйелдерді қарау кабинетінің акушеркасы Ж. Баймадиева, рентген-зертханашы Д. Нажмиев, клиникалық зертханашы Д. Нұрпейісова сынды мамандар тұрғындарға медициналық көмек көрсетті. Бұл күні біздің мамандарға 105 адам қабылдауда болып, оның 20 - сы аудандық ауруханаға жете тексеруге жіберілді. Ол үшін кешен ішінде цифрлық рентген аппараты, қан тексеру зертханасы, гинекологиялық бөлме қарастырылған.
Шығыс Қазақстанда су тасқыны кезеңінің алғашқы толқыны басталды. Бұл туралы облыс әкімі Даниал Ахметов өзінің «Fecebook» парақшасында жариялады. 8 сәуір күні жарияланған жазбада қазіргі уақытта өңір бойынша су басуы ықтималдығы жоғары 19 елді мекен анықталғаны айтылады.
«Мамандардың мәліметі бойынша бір аптадан кейін ШҚО өзендерінде мұз қалмайды. Қазір Алтай ауданындағы Тұрғысын өзенінде сең жүруді жеделдету үшін белсенді түрде мұзды жару жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, Көкпекті ауданындағы Лайлы бөгеті де бақылауда тұр. Құрамында 25 адам бар авариялық топ ол жерде тәулік бойы кезекшілік жүргізуде. Қазіргі таңда облыс бойынша арнайы эвакуациялық пункттер жабдықталды. Су тасқыны қауіпі бар учаскелерде жұмыс істеу үшін қажетті техника резерві екі есеге ұлғайтылды. 370 мотопомпа мен 2412 бірлік техника әзірленді. Қазіргі уақытта жағдай бақылауда. Су тасқыны болған уақытта әр деңгейдегі сценарийлер негізінде іс-қимыл алгоритмдері әзірленді» делінген аймақ басшысының жазбасында.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.