Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

Алла Тағаланың ерекше ықыласы түскен, шарапаты мол, iзгi ниеттi iске сауабы көп, жыл он екi айдың ең қадiрлiсi болып саналатын қасиетті Рамазан айы келді. Дәстүр бойынша, дәл осы қасиетті айда мұсылмандар қайырымдылық жасауда үлкен белсенділік танытады. Өйткені Рамазан - қайырымдылық пен сауаптың айы.
Қасиетті айдың осы берекелі күндерінде ауданның белді кәсіпкерлері мен шаруа қожалықтарының басшылары қайырымдылық акциясына қолдау көрсетіп, Көкпекті ауданының орталық мешітінің күмбезін қайта жаңартып, төбесін жөндеуге қаражат бөлу туралы шешім қабылдады. Осындай іске ұйытқы болған ауданның белсенді азаматы «Елім-ай Көкпекті» ЖШС басшысы Болат Мигржұлы Бекбердинов болды.

29 сәуір күні «Nur Otan» партиясы Көкпекті аудандық филиалының кезекті XXIII-ші есептік сайлау конференциясы өткізілді. Барлық санитарлық талаптар мен әлеуметтік қашықтық сақталуына мән берілді. Салтанатты ашылу рәсімінде Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны шырқалды.
Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінде өткен конференция жұмысына Көкпекті ауданының әкімі Раджан Сейтқанов қатысты. Сонымен бірге Шығыс Қазақстан облыстық мәслихатының депутаты Болат Бекбердинов, аудандық мәслихат хатшысы Талғат Сарманов, саяси кеңес мүшелері, саяси кеңес Бюросының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттары, депутаттық фракция мүшелері, бастауыш партия ұйымдарының төрағалары, партияның белсенді мүшелері, жастар, қоғамдық бірлестіктер мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері ат салысты.

Наступил священный месяц Рамадан, который является праздником милосердия, единства, благополучия и благородства. Традиционно именно в этот священный месяц мусульмане проявляют наибольшую активность в благотворительности, поскольку одним из предписаний Рамадана является милостыня и пожертвование.
В эти благословенные дни священного месяца предприниматели и главы крестьянских хозяйств района решили поддержать благотворительную акцию и выделить средства на полную реконструкцию крыши Центральной мечети Кокпектинского района. Инициатором акции выступил глава ТОО «Елім-ай Көкпекті» Болат Мигражевич Бекбердинов.
Всего на работу требуется 17 миллионов тенге. Усилиями наших неравнодушных земляков на данный момент собрано 12 миллионов тенге. Процесс реконструкции идет полным ходом, его осуществляют специально приглашенные специалисты из России. Завершение ремонтных работ намечено на конец весны.
…Нет в мире мусульманина, который бы не знал, насколько щедрым и заботливым был Пророк Мухаммед, и насколько часто на страницах Священного Корана звучит призыв помогать людям. И данная благотворительная акция наглядное тому подтверждение.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.