Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Ағымдағы жылдың 11 тамызында аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы Сейтқанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда жер мәселесі және оның құжаттарын рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері көтерілді. Жеке мәселесі бойынша қабылдауға 3 адам жазылды.
Алғашқы болып қабылдауға жазылған Үлгілімалшы ауылының тұрғыны Жандос Амангелдіұлы ауылдастары атынан жер мәселесімен келіп, жерлестерінің өтінішін жеткізді. Тұрғынның өтініш білдірген мәселесі - мал жайылымының жоқтығы. Ауылдың жан – жағын, көбінесе шұрайлы жерлерді басқа біреулер иеленгендіктен, ауыл тұрғындарына жайылым жер табылмай отыр. Айта кетелік, биылғы жылы елімізде жаңбыр жаумай, аптап ыстықтың кесірінен құрғақшылық болып, көп жерлерде қысқы мал азығына жиналатын шөп мәселесі қиындық туғызып отыр. Аудан әкімі жер мәселесі бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырма берді. Үлгілімалшы ауылына барып, жағдаймен жақын танысу керек. Әрбір ауыл тұрғынымен жеке сөйлесіп, мәселені оңтайлы шешу міндеттелді. Әр мәселе бойынша азаматтардың өтініштері мен арыздарын тыңдап, аудан басшысы олардың мәселелерін шешуде Қазақстан Республикасының Ата Заңына сүйене отырып, нақты түсініктемелер мен ұсыныстар жасады.
Ныненшняя весна преподнесла свои сюрпризы. Она пришла внезапно, рано, с резким похолоданием. От того и аграрии приступили раньше к весенне-полевым работам, чтобы успеть как-то «захватить» влагу на почвах, не упустить важные моменты при посеве зерновых и масличных культур.
- В этом году весна пришла на 20 дней раньше обычного, в прошлом году - на 15. Ее ранний приход заставил нас поторопиться, чтобы успеть провести агротехнические мероприятия. Весна пришла холодная, неприветливая, затем все прижгло, не было дождей. Одним словом, для сенокосных угодий сложились неблагоприятные условия. Последующие же дожди для посевов были благодатными. К примеру, яровая пшеница вся хороша, потому что мы ее рано посеяли. Еще одна беда для посевов и полей - сильные ветры, которые выдувают всю влагу, - поделился с нами своими впечатлениями о нынешних полевых работах глава крестьянского хозяйства «Калисатарулы» Самаркан Калисатарович Жотабаев.

Ауыл шаруашылығы, соның ішінде мал шаруашылығымен айналысатын Көкпекті ауданында қыстық мал азығын дайындаудың маңыздылығы күн өткен сайын артуда. Мал азығы – ертеңгі ел азығы болғандықтан мал жемінің жайы қандай? Қыста қиналмас үшін қандай дайындық шаралары жүргізілуде? Мәселенің маңыздылығын жете білетін аудан әкімі Раджан Сейтқанов аудандық әкімдік отырысының күн тәртібінде бірінші кезекте осы сұрақты қарастырды.
27 шілде күні өткен аудандық әкімдік отырысында қысқы мал азығын дайындау барысы, тұрғындарды жайылымдық жерлермен қамтамасыз ету, білім ордаларында 2021-2022 жаңа оқу жылын бастауға дайындық жұмыстары, денсаулық сақтау, білім беру және әлеуметтік мекемелердің жылыту маусымына дайындығы, мемлекеттік бағдарламалар мен жобалар аясында жастарды қолдау шараларын жүзеге асыру сынды өзекті сұрақтар талқыланды.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.