ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 11 тамызында аудан әкімі Раджан Қайырқанұлы Сейтқанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалында жеке мәселелері бойынша тұрғындарды қабылдады. Қабылдауда жер мәселесі және оның құжаттарын рәсімдеу, атаулы әлеуметтік көмек көрсету, тұрғын үй мәселелері көтерілді. Жеке мәселесі бойынша қабылдауға 3 адам жазылды.
Алғашқы болып қабылдауға жазылған Үлгілімалшы ауылының тұрғыны Жандос Амангелдіұлы ауылдастары атынан жер мәселесімен келіп, жерлестерінің өтінішін жеткізді. Тұрғынның өтініш білдірген мәселесі - мал жайылымының жоқтығы. Ауылдың жан – жағын, көбінесе шұрайлы жерлерді басқа біреулер иеленгендіктен, ауыл тұрғындарына жайылым жер табылмай отыр. Айта кетелік, биылғы жылы елімізде жаңбыр жаумай, аптап ыстықтың кесірінен құрғақшылық болып, көп жерлерде қысқы мал азығына жиналатын шөп мәселесі қиындық туғызып отыр. Аудан әкімі жер мәселесі бойынша жауапты қызметкерлерге тапсырма берді. Үлгілімалшы ауылына барып, жағдаймен жақын танысу керек. Әрбір ауыл тұрғынымен жеке сөйлесіп, мәселені оңтайлы шешу міндеттелді. Әр мәселе бойынша азаматтардың өтініштері мен арыздарын тыңдап, аудан басшысы олардың мәселелерін шешуде Қазақстан Республикасының Ата Заңына сүйене отырып, нақты түсініктемелер мен ұсыныстар жасады.


Келесі өтініш білдіруші - Көкпекті ауылынан жалғызбасты ана Динара Турлубаева. Ауыл тұрғыны баспана мәселесі бойынша келіп, бірнеше кеңестер алды. Арыз иесі тұрғын үй алу үшін 2009 жылы өтініш беріп, қазіргі таңда 8 болып кезекте тұр. Бұл мәселенің тездетіп шешілуін сұрады. Оған аудан әкімі Заң бойынша алдындағы арыз берушілерден аса алмайтындығын айтты. Өтініш білдірушіге «Бақытты отбасы» бағдарламасы туралы түсіндіріп, жеңілдетілген шарты бойынша 2 % несиемен жылжымайтын мүлік алуға мүмкіндігі бар екенін түсіндірді.
Аудан басшысының қабылдауына тағы бір жалғызбасты ана Бондаренко Жанна жүгінді. Әлеуметтік жағдайы бойынша көмек сұрап, балаларды оқуға дайындау үшін қолдау көрсетуін өтінді. Бұл мәселе бойынша аудан басшысы «Мектепке жол» қайырымдылық акциясы жұмыс істейтінін және арыз иесінің акцияға қатыса алатынын айтты. Жанна жеткізген тағы бір өтініш – Уәлиханов көшесіне жаяу жүргіншілер жолағын орнату. Себебі, бұл көшеде көлік ағымы жоғары, балалар қауіпсіздігі алаңдатады. Раджан Қайырқанұлы өтінішті мұқият тыңдап, барлық сұрақтар бойынша түсініктеме берді.
Қоғамдық қабылдауда көтерілген барлық мәселелерді шешу тиісті қызметтер мен бөлімдерге жүктелді. Тікелей бақылауды аудан басшылығы жүзеге асыратын болады.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз