Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Аудан әкімі Асхат Смаилов дүйсенбі 19 қараша күні азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Олар аудан басшысына жер бойынша, жұмысқа орналастыру мәселелері бойынша бірқатар өтініштері мен арыздарын жеткізді.
Аудан әкiмi Асхат Сайдахметұлы Смаилов белгiленген кесте бойынша тұрғындармен жеке қабылдау өткiздi.
Алғаш болып жеке қабылдауға жазылған аудан тұрғыны зейнеткер Төлеубек Байтұров ауылдағы мал жайылымындағы тәртіптің бұзылғанына шағымданды. Төлеубек ақсақалдың өтiнiшiн мұқият тыңдаған аудан басшысы сала мамандарымен ақылдаса отырып, қолдан келгенше жәрдем жасайтынын жеткiздi.
Толығырақ...
5 тамыз күні аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарымен Үлгілімалшы ауылдық округінде болып, «Тана мешіті» ауылының орнымен танысты. Қазақ халқының біртуар перзенті, тарихи тұлға Тана мырза Тілемісұлының өмір сүрген жері, заманында 500-ден аса отбасы тұрған мекен – аудан тарихы үшін маңызды нысан. Ертіс жағасындағы түбекте жатқан жұрттың орнында бүгінгі күні ескі үйлердің орны мен көше сүрлеулері, белгісіз бейіт басына орнатылған алып құлпытас қана қалған.
Тарихи орынға жасалған жұмыс сапарына елімізге әйгілі суретші, мүсінші Әлібек Шоқанов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов орталық мешіттің бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен қатысты. Ел шежіресі мен жер тарихының білгірі, Үлгілімалшы ауылының байырғы тұрғыны, елжанды азамат Айтқазы Смағұлов жол көрсетіп, «Тана мешіті» ауылының тарихын баяндады.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.