Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Көкпекті ауданының әкімі Асхат Сайдахметұлы Смаилов 11-14 наурыз күндері Көкпекті және Самар ауылында азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады.
Атап айтқанда, Тассай ауылынан келген Назым Әзімбаева интернатта оқитын балаларын түрлі себептермен күнделікті тасып жүру қиындық туғызатындықтан, Көкпекті ауылынан тұрғын үй алып беруін өтінді. Көкпекті ауылының тұрғыны Вей-Куй Диляра баласын емдетуге апаруға материалдық көмек сұрады. Ал, Теректілік Раимхан Бұқанов жер мәселесі бойынша көмек сұрап келді.
Бұл қабылдауға, сонымен қатар, партия филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бақыт Оразғалиева, аппарат басшысы Р.Кемербаева және Тассай, Теректі, Көкпекті ауылдық округ әкімдері азаматтардың сұрақтарын мамандармен ақылдаса отырып, толық қарады. Аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы азаматтардың өтініштеріне жан-жақты зер салып, барлығына заң аясында жауап берді және мәселелерін назарға алатындығын айтты.
Көкпекті ауылында 3 наурыз күні болған тілсіз жау өрттің кесірінен болған тайталаста өрт сөндіруші жігіттер Құсмановтар отбасының үйін өрттен аман алып қалды. Басын бәйгеге тігіп, өзгенің өмірі үшін алысқан Көкпекті ауылындағы № 58 Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Марат Серікұлы Бакеновке және осы кезекшіліктегі азаматтарға Құсмановтар отбасының алғысы шексіз.
Оқиға өткен жексенбі күні түнгі сағат 3 терде Көкпекті ауылындағы Құсмановтар отбасының монша мұржасының тұтануынан басталды.
Өрт сөндіру бөліміне түскен қоңыраудан кейін кезекшілікте тұрған лейтенант Марат Бакеновтың қарауыл тобындағы жігіттер жедел түрде өртті сөндіруге кірісті. Тілсіз жаумен ержүрек жігіттер бір сағаттай алысып, сағат 5:30 да толық өртті ауыздықтады. Оқиғаның басы қасында жүрген Марат Серікұлының мәліметі бойынша, өрт қатты өршіп моншаның жанындағы қосалқы шаруашылыққа және үйге қарай шауып бара жатты. Өртті өшіруге 9 тоннадай су кетіп, 50 шаршы метр жерде өрт сөндіріліп, ыстық өрттің ішінен 2 газ толған баллонды алып шығыпты.
Наурыз айының 4-5 күндері күндері аудан әкімі Асхат Смаилов азаматтарды жеке мәселелері бойынша Көкпекті және Самар ауылдарында қабылдады. Аудан әкімінің қабылдауында ауыл тұрғындарынан әлеуметтік мәселелер, тұрғын үй, арнайы әлеуметтік көмек көрсету, жұмыспен қамту және жер туралы мәселелер көтерілді. Жеке қабылдауға «Нұр Отан» партиясы Көкпекті аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Б.Оразғалиева, Қ.Аухадиев атындағы округтің әкімі М.Малғаждарова, дербес бөлім басшылары қатысты.
Алғашқы болып қабылдауға Преображенка ауылының тұрғыны Ирина Губер кірді. Ирина бүгінгі күнде тұрақты мекенжайға тіркелмегендіктен, тұрғын үй кезегіне тұру мәселесі туындап тұр. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округінің әкімі М.Малғаждароваға тұрақты мекенжайға қоюды тапсырды. Сондай-ақ аудан басшысы өтініш берушіге аз қамтылған және көпбалалы отбасы ретінде жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі тарапынан бір реттік материалдық көмек берілетінін айтты. Сол сияқты аудан әкімінің қабылдауына жазылған келесі азаматша Ырыскүл Әміренова да Преображенка ауылының тұрғыны екен. Ырыскүл анасымен бірге тұратынын, жалғызбасты ана екенін айтты. Ол тұрып жатқан үйіндегі құдығы істен шыққандықтан, ауыз суды тасу қиынға соғады. Қазіргі тұрып жатқан үйі де апаттық жағдайда. Ырыскүлдің өкпе-назын тыңдай келе, Асхат Сайдахметұлы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар, хал актілерін тіркеу бөлімі тарапынан жалғыз басты ана ретінде бір жолғы материалдық көмек көрсетуді тапсырды. Сол сияқты аудан әкімі жұмысқа орналастыру, үйіне құдық қазып беру, аз қамтылған отбасы ретінде мектеп жасындағы баласын тегін ыстық тамақпен қамту және тұрғын үйдің кезегіне қою сияқты мәселелерді жауапты тұлғаларға жүктеді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.