Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Ауданда бағаны негізсіз өсіруге жол бермеуді арнайы құрылған штабтың жұмыс тобы бақылап отырады. Халықтың әлеуметтік қауқарсыз тобын қолдау бойынша азық – түлікке, тарифтер мен қызметтерге бағалардың негізсіз өсуіне мониторинг жүргізу және бақылау бойынша аудандық штаб құрылды. Аудан әкімі Р.Н.Сағандықов төрағалық ететін штаб құрамында аудандық қызмет өкілдері, құқыққорғау органдары мен сала мамандары қамтылған.
Ұлттық валютаның еркін ауытқуға көшуіне байланысты, әлеуметтік маңызы бар күнделікті халық тұтынатын азық-түлік, дәрі-дәрмек және жанар-жағармай бағасының негізсіз өсуіне жол бермеуге бағытталған топ жұмысын бастап кетті. 24 тамыз күні өткізілген штаб отырысында сауда нүктелерінің үзіліссіз жұмыс істеуін қамтамасыз ету, аудан көлеміндегі сауда орындарында күнделікті мониторинг жүргізу және пайда болған түйінді мәселелерді жедел шешу бойынша нақты тапсырмалар жүктелді.
Ағымдағы аптада ауданымызға Елбасы Н.Ә.Назарбаев жариялаған «100 нақты қадам» ұлттық жоспарын түсіндіру жұмыстарын жүргізу мақсатында Шығыс Қазақстан облысы экономика және бюджетті жоспарлау басқармасы экономика бөлімінің басшысы Жұлдыз Мәусітқызы Жүрекбаева келіп қайтты. Кездесу барысында ел дамуына берік негіз жасайтын нақты бағыттарды аудан халқы қолдап отырғаны анық байқалды.
Билік пен халық арасындағы екіжақты еркін пікір алмасу түрінде болған кездесу ауданымыздағы тіректі елдімекен Преображенкада өтті. – Мемлекет басшысының «100 нақты қадам» немесе 100 нақты тапсырмасы қоғам өміріндегі және мемлекет дамуындағы реформаларды жан-жақты қамтиды, - деп көрсетті Жұлдыз Мауситқызы. Әрі қарай спикер қазақстандықтардың өмір сүру деңгейін көтеруге бағытталған бес институционалдық реформаларының әр тарауына жеке тоқталып, алда күтіп тұрған өзгерістер бойынша тереңдете түсіндіріп берді.
Ежегодно, 12 августа отмечается Международный день молодежи. Праздник установлен Генеральной Ассамблеей ООН 17 декабря 1999 года по предложению Всемирной конференции министров по делам молодежи, состоявшейся в Лиссабоне 8-12 августа 1998 года.
В Кокпектинском районе молодежь отметила свой праздник акцией «Толағай жастары», в ходе которой, 25 смельчаков – юношей и девушек, во главе с директором молодежного Центра Азатом Рахимбаевым, совершили восхождение на легендарную гору Толагай – символ нашего района. На вершине ребята установили Государственный Флаг и провели патриотическую акцию, тем самым, продемонстрировав патриотизм, любовь и преданность своей стране.
Покорение горной вершины символизирует волю, целеустремленность и стойкость, а также стремление ввысь, к победе, к будущему. Молодежь села Кокпекты в этот день доказала, что готова ставить перед собой цели, направленные на процветание нашей страны, достигать их, преодолевая трудности, и находить новые.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.