Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

Самар ауылында бұрын-соңды болмаған жаңалық - ауыл бизнесмендері ардагер мұғалімдерді мерекелерімен құттықтады.
Бұл бастаманы көтерген Самар ауылындағы «ЖҚБ-14» ЖШС бас директоры, Қазақстанның Құрметті құрылысшысы, Көкпекті ауданының Құрметті азаматы - Александр Иванович Федосов. Игі шараны аудандық мәслихаттың депутаты, «Қалисатарұлы» шаруа қожалығының басшысы Самарқан Қалисатарұлы Жотабаев қолдады.
Толығырақ...«Қазақстан бүгін маңызды халықаралық мәдениетаралық және конфессияаралық сұхбат орталықтарының бірінің қызметін атқарып отыр. Қазақстанның бұл міндеті өзге елдер мен халықаралық ұйымдар тарапынан, әсіресе, Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан қолдау табуда»
Н.Ә.Назарбаев, Қазақстан Республикасының Президенті
Облыстың аудандарын аралап, рухани ақпараттық сапармен жүрген «Рухани келісім» керуені Көкпекті ауданына ат басын тіреді. Катонқарағай ауданынан бері қарай Ертіс арқылы Самар ауылына жеткен керуенді аудандық «Нұр Отан» партия-сы филиалының өкілдері, ішкі саясат басқармасының қызметкерлері қарсы алды. Самар Мәдениет үйінің алдында әр ұлттың киімін киген өнерпаздар керуен мүшелеріне әннен шашу шашып, қошеметпен қарсы алып, керуеншілерді ғимарат ішіне бастап жүрді.
Керуеншілерге Көкпекті аудандық «Нұр Отан» фи-лиалы төрағасының орынбасары Г.Ақшабаева сөз арнап, қонақтардың жұмысына сәттілік тіледі. Ең алдымен «Рухани келісім» керуенінің топ басшысы, Облыстық дін істері басқармасының бұқарамен байланыс жөніндегі директоры И.Беркімбаева сөз алды. Ол өз сөзінде бұл керуеннің мақсатына тоқтала кетті және керуенге қатысушы адамдармен таныстырып өтті. «Бұл керуен тұрғындар арасында дін мәселелерін, рухани құндылықтарды ақпараттық-насихаттық түрде насихаттаудың инновациялық жобасы болып табылады. Басты мақсаты Қазақстан халықтарының дәстүрін, дінін, патриоттықты ұлттық өнер, шығармалар арқылы насихаттау, ұрпақтар арасындағы сабақтастықты жетілдіру болып табылады», - деді Индира Қилымбекқызы.
Толығырақ...
Қазіргі таңда біздің мемлекетімізде қарттарға үлкен мән беріп, көңіл аударып, жан - жақты қамқорлық жасалуда. Еліміздің өсіп-өркендеуіне, бейбітшілік тыныш өмір кешуіне өз үлестерін қосқан осы ардақты да аяу-лы қарттарымыздың арқасы. Жыл сайын қазан айының 1 жұлдызында дәстүрлі аталатын қарттар күні - саналы ғұмырларын Отан деп, тынымсыз еңбектерімен мемлекетіміздің негізін салуға жол ашқан алдыңғы буын ата - апаларымыздың төл мерекесі.
Бұл мереке аға ұрпақтың қоғам өміріне қосқан үлесіне шынайы ризашылық білдіретін және ардагерлерге қамқорлық көрсететін күн. Тағдырдың ауыр сындарынан мүдірмей өтіп, соғыс жылдары мен ашаршылық азаптарын бастан өткерген ардагерлердің Отанға деген сүйіспеншілігі жас ұрпаққа үлгі болып, оларды қазақстандық патрио-тизмге тәрбиелеуде. Олардың өмір жолдары бү-гінгі ұрпаққа таптырмас қазына.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.