Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
Азат Рахимбаев, Жастар орта-лығының директоры:
- Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында Елбасы жастарға қатысты «Білімді, еңбекқор, бастамашыл, белсенді болуға қазірден бастап дағдыланыңдар. Жұмыс пен сұраныс бар өңірге батыл барыңдар. Шеберліктің шыңына жете білсеңдер мамандықтың бәрі жақсы.
Қазір техникалық мамандық-тардың, ғылым мен инновацияның күні туған заман. Ерінбей еңбек еткен, талмай ғылым іздеген, жалықпай техника меңгерген адам озады. Тұрмысы жақсы, абыройы асқақ болады. Біз жүзеге асырып жатқан түбегейлі реформалар мен атқарып жатқан қыруар істердің бәрі сендер үшін, болашақ үшін жасалуда» - деген. Біз жастар қауымы Елбасымыздың салиқалы саясаты арқасында қазіргі таңда осындай тәуелсіз, бейбітшіл мемлекетте өмір сүріп жатқанымызға шаттанамыз. Елбасы Жолдауында аталып өткен мәселелердің барлығы жастардың басты назарында. Себебі, жүзеге асырылып жатқан реформалар мен қыруар істердің барлығы біздер үшін, жастар үшін. Ал еліміздің дамуы мен өркендеуіне аудан жастары өз үлесін қосуға дайын.
Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан мемлекет-тілікті қалыптастырудың, ұлт бірлігін нығайтудың, нарықтық экономиканы құрудың қиын да жарқын жолынан өтті. Бізде еліміздің төңірегінде кеңінен аталып өтетін өзіміздің ұлттық мерекелеріміз пайда болды. Биылғы жылы, төртінші жыл қатарынан, біз ерекше мереке - Тұңғыш Президент күнін атап өттік.
Мерейлі мереке киелі Көкпекті өңірінде де жоғары деңгейде тойланды. Ұлт Көшбасшысын ұлықтауға арналған шаралар шеруі Құмар Раев атындағы балалар үйінің тәрбиеленушілерін құттықтаудан бас-тау алғаны үлкен маңызға ие. Аудан басшысы жас жерлестерімізді мерекемен құттықтап, арнайы сый-лықтар табыс етті. Өскелең ұрпақ өкілдері болса, өз тарапынан алғысын жаудырып, еліміздің Тұңғыш Президентіне деген ыстық ықыластарын жеткізді.
Мәдениет үйінде салтанатты шара өткізіліп, жергілікті өнерпаздар мерекелік концерт ұйым-дастырып, жұртшылық Елбасына деген ақжарма тілектерін ортаға салды. Еліміздің аз уақытта қол жеткізген жетістіктері мен ауыл-аймақ әлеуетінің артып келе жатқандығын тілге тиек етісті.
Еліміз жылдан-жылға дамып, экономикамыз өркендеп, халықтың әл-ауқаты артуда. Қазір бүкіл әлем қазақ елін құрметтейді. Бұл ширек ғасыр бұрын халық алдында Қазақстанды үлкен белестерге жеткіземін деп ант еткен Нұрсұлтан Назарбаевтың болашаққа жасаған қадамы. Елбасының армандаған істері өміршеңдігін еш уақытта жоғалтқан емес. Көкпектіліктер Президенттің асқан көрегенділікпен жүргізіп жатқан салиқалы саясатына дән риза.
- Егемендікке қол жеткізген жиырма төрт жылдың өзінде Қазақстанды бейбітшілік пен жасампаздық жолына салып, елдің кемел келешегін болжай білген Елбасының кемеңгер саясаты бүгінгі күні өз жемісін беруде. Бүгінгі күні әлем Қазақстанды экономикасы қырыштап дамыған, ішкі саясаты тұрақты, бейбіт идеялардың елі деп таниды. Әрдайым, осылай жұлдызымыз жарқырай берсін, - деді құттықтау сөзінде аудан басшысы Рамиль Нығметжанұлы.
Нұртас Исенов, Самар аграрлық-техникалық колледж директоры:
-Жолдауда атап көрсетілгеніндей, Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша көшбасшы елге айналуы шарт. Екіншіден, бұл Жолдауда адами капиталдың дамуына өте үлкен мән берілді. Қазақстан Орталық Азияда еңбек ресурстары бойынша, әсіресе техникалық мамандықтар бойынша көшбасшы атануы тиіс. Бұл орайда біздің колледждің бүгінгі атқарып отырған жұмысы Жолдау талаптарына толық сай келеді деп айта кетуге болады. Жарты ғасырдан астам уақытта оқу орны мыңдаған ауыл еңбеккерін оқытып тәрбиелеп шығарды. Ауыл шаруашылығында еңбек еткен біздің түлектеріміздің қазір балалары мен немерелері әке, ата жолын қуып, тракторист-машинист, жүргізуші мамандықтарын игеруде. Соңғы жылдары халық шаруашылығына қажетті қосымша мамандықтар қосылып, техникалық колледж статусын алдық.
Жолдауда Президент жастарға қарата: «Жұмысшы мамандықтарын игеру керек. Мектеп бітірген соң біреулері колледжге, университетке түседі, біреулері армия қатарына аттанады. Дегенмен, олардың отыз пайызы қалады. Олар мамандық алулары керек. Бұл жерде мен өзімнің де бір кездері жұмысшы киімін киіп, домна пештерінде еңбек еткенімді еске сала кеткен артық болмайды деп ойлаймын», - деді.
Ел Президенті өз Жолдауында жұмысшы мамандығын игеру мәселелеріне қатысты баяндай келе, жастар үшін жасқанбаудың маңызды екенін ескертті. Президенттің айтуынша, айналаның бәрінде де жұмысшының «алтын қолынан» шыққан дүниелер, мысалдар толып жатыр. Бұл ретте Н.Назарбаев еңбек адамы қашанда елеулі болуы тиістігін, сол үшін арнайы награда бекітілгенін айтты. Сондықтан да біздің шәкірттеріміз мамандық таңдауда адасқан жоқ, ал біз олардан ел игілігіне еңбек сіңіретін азаматтар тәрбиелеп шығаруға күш саламыз.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.