Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...
Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...
Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...
23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...
2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...
«Мәңгілік ел» - ата-бабамыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы екенін барлығымыз білеміз. Ол арман - басқа елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз мемлекет атану еді. Ол арман - тұрмысы бақуатты, түтіні түзу шыққан, ұрпағы ертеңіне сеніммен қарайтын бақытты ел болу. Біз бұл армандарды ақиқатқа айналдырдық. Мәңгілік елдің іргесін қаладық. Мен қоғамда «қазақ елінің ұлттық идеясы қандай болуы керек» деген сауалдың жиі талқыға түсіп жүргенін естіп жүрмін, біліп жүрмін. Біз үшін болашағымызға бағдар етіп ұлтты ұйыстыра ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар. Ол - «Мәңгілік ел» идеясы. Тәуелсіздігімізбен бірге халқымыз мәңгілік мұраттарына қол жеткізді. Біз еліміздің жүрегі, тәуелсіздігіміздің тірегі мәңгілік елордамызды тұрғыздық. Қазақтың мәңгілік ғұмыры ұрпақтың мәңгілік болашағын баянды етуге арналады. Ендігі ұрпақ - мәңгілік қазақтың перзенті. Ендеше, қазақ елінің ұлттық идеясы - «Мәңгілік ел», - деді ел Президенті Н.Ә.Назарбаев. Мемлекет басшысы еліміздің ұлттық идеясын бекітіп бергелі де бірнеше жылдың жүзі болды. Бұл идея туралы Елбасы 2010 жылдан бастап тұрақты түрде айта бастады. 2011 жылы Астана қаласында «Мәңгілік ел» аркасы орнатылды. Содан кейінгі жылдары «Мәңгілік ел» идеясы ел басшысының әр жылдардағы Жолдауларына арқау болды. «100 нақты қадам – Ұлт жоспарының» 85, 89 қадамдары «Мәңгілік ел» идеясына арналды.
Все мы знаем, что национальная идея «Мәңгілік Ел» это многовековая мечта наших предков. Это национальная идея нашего общеказахстанского дома. За годы суверенного развития, созданные главные ценности, которые объединяют всех казахстанцев, составляют фундамент будущего нашей страны.
2015-2016 оқу жылында Самар ауылындағы Ж.Болғанбаев орта мектептің оқушылары қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша біршама жетістіктерге жетті.
10 сынып оқушысы Балдырған Қалитова аудандық олимпиадалардың жүлдегері. 2015-2016 оқу жылында ол жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңінің - ІІІ орын жүлдегері атанды, 5 ақпанда «Дарын» орталығының шақыртуымен Астана қаласында Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасының кітапханасында өткен «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар-тренинке қатысып, «Елбасының бес институционалдық реформасы» тақырыбы бойынша оқу курсын өткеріп келді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.