Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...
5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...
24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...
20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...
На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...
В селе Кокжайык вот уже два года звенит искристым смехом и веселыми голосами частный детский сад «Бөбек Лүпілі» КХ «Елимай». Напоминаем нашим читателям о том, что данное учреждение было введено в эксплуатацию в 2015 году благодаря государственно-частному партнерству по программе «Балапан». Инициатором возведения детского заведения является наш известный земляк, один из крупных предпринимателей района Болат Миграшевич Бекбердинов. Он безвозмедно реконструировал здание на свои собственные средства – 15 миллионов тенге, детский сад посещают 40 детей и трудоустроены 21 человек.
Толығырақ...Көкпекті ауданының бір шетінде томаға-тұйық тірлігімен ерекшеленіп, мамыражай ауыл шаруасымен күнелтіп жатқан Теректі округінде оның барша тіршілігіне белсене араласып жүрген жігіт ағасы тұрады. Ол - ауданымызға танымал, беделді, сыйлы азамат Қанат Бидахметұлы Садықов. Бүгінгі таңда «Теректі» шаруа қожалығының басшысы және аудандық мәслихаттың екі шақырылымындағы депутаттық қызметін қоса абыроймен атқарып жүр. Қанат Бидахметұлы ел-жұрттың сенім артқан арқалы азаматтарының бірі әрі бірегейі екендігін ұғындық. Осы шағын ауылға сүйеніш болып жүрген азаматты сөзге тартқанды жөн көрген едік.
Қазан айы басталғалы ауданның егде тартқан қарт адамдары басты назарда. Оның ішінде Ұлы Отан соғысының ардагерлеріне ерекше көңіл бөлінуде. Аудан әкімі Рамиль Сағындықов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев және аудан басшысының орынбасарлары соғыс ардагерлерінің шаңырағында болып, қадірменді қарттарды мерекесімен құттықтады.
Аудан басшысы екі бірдей соғыс ардагері тұратын Ақтас ауылына арнайы ат басын бұрды. Ұлының қолында тұратын соғыс ардагері Нұрмұхамед Ақшалов меймандарды есік алдынан өзі қарсы алды. Биылғы жылы 95 жасқа келген ардагер әлі болса тың. Рамиль Нығметжанұлына бүгінгі жағдайының жақсы екенін жеткізіп, елдің амандығын, жұрттың тыныштығын тіледі. Мереке иесіне жүрекжарды тілегін жеткізген Рамиль Нығметжанұлы - Аға буын өкілдерінің ашық аспан және ел болашағы үшін қажырлы еңбектеріңің арқасында біз тыныш бейбіт өмір сүрудеміз, Сіздердің атқарған еңбектеріңіз қазіргі ұрпаққа үлгі болады, - деп лебіз білдіріп, мерекелік сыйлық табыстады. Құттықтау қабылдаған Нұрмұхамед ақсақал өз кезегінде аудан басшысына алғысын жеткізіп, қонақтарға ризашылығын білдірді.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.