Көкпекті ауданында ұлттық спорт – көкпарды дамыту бағытында мақсатты жұмыстар іске асырылып жатыр. Көкжота ауылында ұлттық ат спорты мектебі құрылды. Көп жылдан бері шағын ауылдың жас шабандоздарын шынықтырып, аттарын баптап, аудан намысын облыста абыроймен қорғап жүрген ардагер көкпаршы Қанат Биқатов аталмыш мектептің тізгінін ұстады. Енді міне, аудан орталығында бекзада өнердің көкжиегін кеңейтетін тағы бір шара өткізілді. Жастар орталығының мұрындық болуымен 6 қазанда әр ауылдан жинақталған 5 құрама аудан әкімінің кубогын сарапқа салды.
Көкпекті аулында айырықша уақиға болып өтті. Бұл ауданымыздағы ардагер спортшы, спорт бөлімінің бас маманы, басшысы болған, ауданға әйгілі әйгілі журналист Болат Юсуповтың құрметіне өткізілген – волейбол турнирі еді. Аудан тұрғындарына «Болат мұғалімді», «Болат физрукті», «дядя Боня – Боня ағайды», «Болат ағаны» және аудандық газеттің жауапты хатшысын, Болат Ғабдулкәкімұлы Юсуповты таныстырып жату қажет болмас. Себебі сонау ХХ-шы ғасырдың 70-ші жылдарынан Көкпекті ауданындағы спорт саласында еткен еңбек өтілі 40 жылдан асады. Тәрбиелеп шығарған түлектері 1500-нан асады. Турнирдің ашылуы салтанатына аудан әкімі Асхат Смаилов, мәслихат хатшысы Талғат Сарманов арнайы келіп құттықтауларын жеткізді. Аудан әкімі спорттың қашанда маңызды екенін, Көкпекті волейболының биік шыңдарын да көргенін айта келіп, биылғы жылы спорт бөлімі дербес мекеме ретінде қайта құрылғанын тілге тиек етті. Саланы қайта түлетуді қолға алатынын, спорт ардагерлерінің ақыл-кеңесі үнемі қажет болатынына тоқталған Асхат Сайдахметұлы зейнеткер ағаның иығына шапан жауып, алғысын білдірді.
Жастары 50-ден асқан кіл спорт саңлақтары, волейболдың хас шеберлері Көкпекті мен Самар ауылдарынан жиылыпты. Атап айтсақ 66 жыл волейбол добын қолынан түсірмеген көкжыралық Түркістан Барбосынов, Қазақстан Республикасына әйгілі Борис Растрига. Сонымен қатар, соққан добы алаңда жататын – үлкенбөкендік Мұсабек Нұғыспанов, ала допты алақандарында ойнататын көкпектілік тарландар Ерлан Жұмажанов, Насыр Сүйіндіков, Болат Жармұханбетов және тосқауылы тасқамал Қайрат Ахметкалиевтер «Көкпекті-2» командасын құраса, «атқан добының алуы қиын» майталман Василий Шо-Бу бастатқан Самар тобының мергені Мұхит Токов, соққысы мүлт кетпейтін Ербол Әміров, алдап соғатын Қанат Уваисов, қорғаныстың шегенді шебі Аслан Ибраев пен Молдабаев Болаттардың көрсеткен ойыны «Көкпекті-1» болып ұйымдасқан волейболдың берені Шалбаев Мұхтар, серісі Серік Сұлтанов, ерені Амантай Байболысов, кереметі Болат Сәбитовтардан басым болды. Алға озған самарлықтарды алаң иелері құрметтеп, достық көңілмен, разы қылып аттандырды.
7-8 қыркүйек күндері аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен №2 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің ұйымдастыруымен дзюдодан аудандық ашық жарыс өтті. Оған Семей мен Өскемен қалаларынан, сондай-ақ Зайсан, Ақсуат, Ұлан және Көкпекті аудандарынан келген алты команда бақтарын сынады.
Жарыс барысында татамиге 80 палуан сынға түсті. Жарыс қорытындысы бойынша біздің спортшыларымыз келесі жүлделі орындарға ие болды.
26 келі салмақта 2009-2010 жылы туылған қатысушылар арасында үшінші орынды М. Әубәкіров, осы салмақта 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер арасында бірінші орынды Д. Смағұлов, екінші орынды – Құмар Тұран, үшінші орынды – Р. Құралбеков иеленді. 29 келі салмақ дәрежесінде 2009-2010 жылы туылған спортшылар арасында үшінші орынды Ш. Төлеуханов алды. Ал 2007-2008 жылы туылған жасөспірімдер ішінен А. Даукеновке ешкім тең келмеді, үшінші орын Н. Серіковке бұйырды. 2007-2008 жылы туылған қатысушылар арасында 32 келі салмақ дәрежесінде У. Сарманов екінші орынға ие болды, ал У. Эрталеп пен И. Мұрат үшінші орынға тұрақтады.
Словно вылитый из стали, с железными мыщцами борец вольного стиля Данияр Кайсанов выиграл серебро на Азиатских играх в Джакарте .
Горячо и радушно встретили именитого борца на родной кокпектинской земле. Эскорт автомобилей под руководством заместителя акима района Даурена Койгельдина, известного спортивного спонсора Болата Бекбердинова, знаменитого спортсмена Алтая Танабаева и представителей районной общественности приветствовал чемпиона у въезда в село Улькенбокен на трассе Кокпекты – Самарское и проследовал до районного центра для проведения митинга.
На торжественной церемонии, посвященной встрече с медалистом Азиатских игр, Асхат Смаилов поздравил родителей Данияра, тренеров с высоким достижением.
-Победа Данияра сегодня зажгла искру мужества в сердцах многих подростков, дала огромную веру, надежду в исполнение мечты. Спорт ведет подрастающее поколение к победе, и недалек тот день, когда призером Олимпиады будут выходцы из кокпектинского края. Я уверен, что у нашей молодежи для этого есть огромный потенциал, - сказал Асхат Сайдахметулы.
Көпке сыйлы, ауызбіршілігі жарасым тапқан отбасына мұндай баға беруге әбден болады. Осындай үлгілі жанұяның бірі – Көкпекті ауданы, Шұғылбай ауылында тұратын үлгі тұтарлық жас отбасылардың бірі – Серікқазы Ахмадиевтың жанұясы.
2001 жылы Серікқазы мен Бақытгүл екеуі отбасын құрған, бүгінде 4 қыз тәрбиелеп отырған жарасымды жұп. Серікқазы ауылдағы ірі шаруа қожалықтарының бірі «Салтанатта» еңбек етсе, жұбайы Жұбайы - ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, ұлағатты ұстаз, жоғары санатты тәжірибелі білікті маман. Бақытгүл ауылдағы орта мектепте оқушыларға ағылшын тілінен сабақ береді. Жұмыспен қатар үй шаруасы, балалардың тәрбиесі тағы бар. Оған да уақыт табатын Бақытгүл отбасының береке-бірлігін сақтауда. Отбасы бақыты- тату-тәтті өмір сүру, перзент сүйіп, сол перзентінің жарқын болашағын қамтамасыз ету .Өйткені бала отбасының негізгі қазығы. Бала тәрбиесінің қамқоршысы, өнегесі – ата-ана – деп, санайды отағасы Серікқазы. Үлкен қыздары – Ақбота Семей қаласының Р.Байсейітов атындағы қаржы-экономика колледжінде білім алуда. Ол өнерге жақын. Ақбота Серікқазықызы мектеп қабырғасында оқып жүргенде, көптеген ән байқауларында жеңіске жетіп, талай мәрте мерейімізді үстем етті. Ал, одан кейінгі – Дильназ бен Томирис болса, І.Жансүгіров атындағы орта мектебінің үздік оқушылары. Үйдің кенжесі Дәрия қазір екі жаста. Бақытгүл апай қыздарын жастайынан еңбекке баулыған.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.