Өскемен қаласында өткен таэквондодан облыстық чемпионатта және Семей қаласындағы халықаралық турнирден Көкпекті ауылындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіндегі таэквандо бөлімінің тәрбиеленушілері үлкен жеңіспен оралып, аудан қоржынына 2 алтын, 4 күміс, 1 қола медальды қанжығалап қайтты.
Облыста өткен Шығыс күрестеріне жататын ұрыстық спорттың түрінен бірінші орын тұғырынан өз салмақ дәрежелері бойынша Анатолий Бойков көріне білді. Ал, Бекжан Жексембеков пен Ақпейіл Дәулетханқызы ІІ орынды еншілесе, Бексұлтан Маратов, Сәбит Әкімбеков ІІІ орынды қанағат тұтты.
Толығырақ...Ағымдағы жылдың 18-22 қазанында Астана қаласында «Nomad MMA» жауынгерлік өнерінің қазақстандық түрі бойынша VIII халықаралық «Боец Азии» турнирі өтті. Турнирге Көкпекті ауданынан 12 жас споршы қатысып жүлделі орындарды алып келді.
Астана қаласында «Nomad MMA» спорт түрінен Азия чемпионатының жалауы желбіреді. Байрақты бәсекеде 10 елден, яғни Пәкістан, Иран, Үндістан, Бангладеш, Ресей, Ауғанстан, Өзбекстан, Әзербайжан, Тәжікстан, Қырғызстаннан 500-ден астам спортшы бағы мен бабын сынады. «Nomad MMA» - спорт түрі әлемнің 14 елдерінде өте жақсы дамыған. Біле білсеңіздер, аталған жекпе-жектің негізі Қазақстанда қаланыпты.
10 мемлекеттің кіл мықтылары жұдырық түйістірген додада біздің Көкпектілік оғландарымыз халықаралық турнирден олжамен оралды.
Олар Көкпекті орта мектебі мен Сарыбел ауылындағы Ново-Тимофеевка орта мектептің оқушылары.
Дзю-До – жапондардың ұлттық күрес ойыны. 19 ғасырдың аяғында джиу-джицу күресі негізінде пайда болған. Кейін келе, Олимпиада ойындарына енгізілген бұл спорт түрі Қазақстанда 20 ғасырдың екінші жартысынан бері дамып келеді.
Көкпекті ауданында кенжелеп қалған дзю-до күресі 2016 жылдан бастап Көкпекті ауылындағы №1 Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінде жаттықтыру жұмыстары жүргізіле бастаған болатын. Осы уақыт ішінде жас дзю-дошы Өскен Төлеубековтің шәкірттері талай дүбірлі додоларға қатысып спортшылары жақсы нәтижелер көрсетіп келуде.
Толығырақ...26 қазан күні Марокка елінде өткен әлем чемпионатының қола жүлдегері Серікболсын Тлебалдин туған жеріне оралып, жерлестерінің ыстық ықыласы мен құрметіне бөленді.
Самбодан ардагерлер арасында өткен әлем чемпионатының күміс жүлдесін жеңіп алған жерлесіміз Серікболсын Тлебалдиннің жетістігі туған жерінде елеусіз қалмады. Аудан әкімі Асхат Смаиловтың атынан иығына оқалы шапан жабылып, қаржылай сыйақы табысталды. Ал, тассайлық азаматтар ардагер палуанға ат мінгізді.
Ардагер спортшымызды қарсы алу салтанаты Көкпекті ауылындағы Балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің алаңында өтті. Салтанатты шарада аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, маслихат хатшысы Талғат Сарманов, жас кезіндегі бапкері Нығмет Смағұлов, жерлесі, досы Жәнібек Дайырбековтер құттықтау сөз сөйлеп, ақжарма тілектерін арнады. Мәдениет үйінің әртістері әуелете ән салып, ардагеріміздің мерейін үстем етті.
Толығырақ...Семей қаласының мектеп лигасының ұйымдастырумен 2018-2019 жылдың жаңа маусымашар ойындары басталды. Оған барлығы 15 команда қатысты.
Биылғы маусымашар ойынына біздің ауданнан Көкпекті орта мектебі құрамасы, «Шұғылбай құрамасы» командалары қатысып, мықтылары келесі іріктеу ойындарына өтті.
2018-2019 жылғы жаңа маусымашар ойындары жаңа форматта өтеді. Жаңа маусымда өнер көрсетемін деген үміткерлердің саны жылдағыдан әлдеқайда арта түскен. Жарысқа Аягөз қаласымен қатар, Тасбұлақ, Утинка, Жарқын ауылдарынан келген бірқатар командалар қатысты.
Жарысқа әр команда барынша дайындықпен келген. Олар қоғамда, елімізде, әлемде белең алып отырған өзекті мәселелерді көтеріп, ащы әзіл арқылы жеткізе білді. Ойын қорытындысы бойынша, жылдың жаңа маусымашарына жаңа мақсатпен ойын көрсеткен Шұғылбай құрамасы командасы келесі іріктеу ойындарына жолдама алды. Команда ойыншыларының маусымашарға қатысуына демеушілік көрсетіп, жол-пұл қаражатын өз мойына алған ауыл әкімі Қайрат Алғазыұлы мен орта мектеп директоры Жұмабай Хамзаұлына олардың алғыстары шексіз.
Шұғылбай ауылдық округі ақпараты
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.