Борьба с коррупцией является одной из важнейших задач, стоящих перед государством и обществом....
Сыбайлас жемқорлықпен күрес – мемлекет пен қоғам алдында тұрған ең өзекті міндеттердің бірі. Бұл...
Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының...
23 маусым күні Көкпекті ауданы Қ. Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде Мемлекеттік қызметшілер...
20 маусым күні Ақсуат ауылында қазақ тарихында өзіндік орны бар көрнекті тұлға, заманында әділ...

Үлгілі малшы ауылындағы Абай атындағы мектеп-балабақша кешенінің 2006 жылғы қазақ сыныбының түлектері туған ауылдарына ерекше тарту жасап, ауыл кіреберісіне сән беретін жаңа самалжай орнатты.
Білім ордасы – әрбір адамның өмір жолына бағыт беріп, болашағының берік іргетасын қалайтын қасиетті мекен. Мектеп бітіргендеріне 20 жыл толған 11 «Б» сыныбының түлектері өздері білім алған алтын ұя мектебінен сіңірген тәлім-тәрбиенің, адамгершілік пен сыйластықтың үлгісін көрсетіп, туған ауылдарының көркеюіне өз үлестерін қосты. Самалжай құрылысының барлық жұмыстарына түлектер өздері белсене араласты. Құрылыстың басталуынан бастап әр тастың қалануына, сырлау және әктеу жұмыстарына дейін қатысып, игі істің сапалы аяқталуына атсалысты. Жаңа нысанның ашылу рәсімінде қызыл лента қиылып, шашу шашылып, ауыл ақсақалдары ақ баталарын берді. Ауыл тұрғындарының қуанышына айналған салтанатты шара ұйымдастырылды.

Іс-шараға 20 жылдық түлектермен қатар ауыл тұрғындары, мектеп ұстаздары және ауыл әкімі Берікбол Чакербекұлы Мукушев қатысып, құттықтау сөз сөйлеп, түлектердің бастамасына ризашылықтарын білдірді. Мектеп түлегі Айбек Исаев:
– Мектеп бітіргенімізге 20 жыл толуына орай «Ауылым – алтын бесігім» деген ниетпен ауыл тұрғындарына тарту жасауды жөн көрдік. Бұл самалжай ауыл адамдарының бас қосып, қуаныштарын бөлісетін, алыстан келген құдаларды күтіп алатын жайлы орын болады деп сенеміз. Сонымен қатар, «Туған жерге тағзым – ұрпаққа үлгі» атты эстафетаны келесі мерейтой иелеріне табыстадық. Осындай игі бастамалар жыл сайын жалғасын тауып, ауылымыздың дамуына үлес қоса береді деп ойлаймын, – деді.
Шара соңында ауыл тұрғындарының құрметіне бөленген түлектер жаңа самалжайда алғашқы басқосуларын өткізіп, өткен күндерді еске алды. Бұл игі іс туған жерге деген сүйіспеншіліктің, азаматтық жауапкершіліктің және елге қызмет етудің жарқын үлгісі болды.
Туған жердің гүлденуіне үлес қосқан осындай түлектер қатары көбейіп, өнегелі бастамалар ұрпақтан-ұрпаққа жалғаса берсін. Өйткені туған елге жасалған әрбір игі іс – келешекке қалдырылған ең құнды мұра.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.