ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Чернояркада Жеңіс саябағы қайта жаңғыртылып, елдік рухты ұлықтаған игі іс жүзеге асты.

14 маусым күні Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округке қарасты Черноярка ауылында қайта жаңғыртылған Жеңіс саябағының салтанатты ашылу рәсімі өтті. Бұл шара туған жерге деген сүйіспеншіліктің, елдік пен бірліктің жарқын көрінісіне айналды.
Бүгінде ауылда отызға жуық шаңырақта 71 тұрғын өмір сүріп жатқанымен, туған жерден жырақта жүрген азаматтар кіндік қаны тамған мекеніне деген жанашырлықтарын нақты іспен дәлелдеді. Олар Абай облысының әкімі Берік Уәлиұлының «Туған жерге туыңды тік!» бастамасын қолдап, өз қаражаттары есебінен Жеңіс саябағын толықтай жаңартып, қоршауларын орнатып, абаттандыру жұмыстарын жүргізді.
Жаңғыртылған саябақ ауылдың көркін арттырып қана қоймай, келер ұрпаққа Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық рухты дәріптейтін маңызды тәрбиелік нысанға айналмақ.


Салтанатты жиынға Черноярка ауылының тумасы, әскери қайраткер, генерал-майор Сабыр Жақыпұлы Темірбеков арнайы қатысты. Ол Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан кейін Қорғаныс министрінің тыл жөніндегі орынбасары, Қазақстан Республикасы Бас әскери инспекциясының бас инспекторы секілді жауапты қызметтерді атқарып, ел қорғанысы саласының дамуына зор үлес қосқан тұлға ретінде көпшілікке танымал.
Шара барысында аудан әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы ауыл тұрғындары мен жерлестерді маңызды нысанның ашылуымен құттықтап, осы игі істің жүзегеф асуына атсалысқан бірқатар азаматтарды марапаттады.
Қойгелді Аухадиев атындағы ауылдық округ әкімдігі де мерекелік шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылуына жан-жақты қолдау көрсетті.
Жеңіс саябағын қайта жаңғырту мен монумент орнату жұмыстарына ауыл тумалары мен тұрғындары бірігіп қаражат қосты. Бұл игі істің негізгі бастамашысы осы ауылдың тумасы, бүгінде Қазан қаласында тұратын Сефиев Мерхат Мухамьярович, ал Иван Владимирович Новиков құрылыс барысында көп іс атқарысқан жан. Ауыл тумасы, қазіргі таңда Өскемен қаласында тұратын Дегтярев Алексей Федорович белсенді атсалысты. Оның бастамашылдығы мен қолдауы атқарылған жұмыстардың сапалы орындалуына ықпал етті. Бұл іске ұзын саны 200 адам қаржылай үлес қосқан екен.
Тарихы терең Черноярка ауылының іргесі 1892 жылы қаланған. Бір кездері ауылда 90-нан астам отбасы тұрып, тұрғындар саны 500-ге жуықтаған. Келесі жылы елді мекеннің құрылғанына 135 жыл толмақ. Осы мерейтой қарсаңында ауыл тұрғындары үшін бұрынғы мектеп ғимаратының орнына шағын мәдениет ошағын салу жоспарланып отыр. Уақыт өте келе ескі мектеп ғимараты пайдалануға жарамсыз күйге түскен болатын.
Мерекелік күн кешкісін ауыл тұрғындары үшін мәдени-сауықтыру бағдарламасы ұйымдастырылып, би-кеші өтті. Жеңіс саябағы мен монументтің ашылуына орай отшашу атылып, ауыл аспанын жарқын сәулеге бөледі.
Чернояркадағы бұл игі бастама – туған жер тағдырына бейжай қарамайтын азаматтардың бірлігі мен жанашырлығының нақты нәтижесі. Елден жырақта жүрсе де туған ауылын ұмытпай, оның көркеюіне үлес қосқан азаматтардың өнегелі ісі көпшілікке үлгі болары сөзсіз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз