ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

2026 жылдың 16 маусымында Көкпекті ауданында жылдың ең айтулы әрі салтанатты шараларының бірі – «Үздіктер шеруі – 2026» аудан әкімінің балы жоғары деңгейде ұйымдастырылды. Бұл кеш мектеп қабырғасында үздік білім мен табандылықтың үлгісін көрсеткен «Алтын белгі» және «Үздік аттестат» иегерлеріне арналды.

 

Салтанатты шара Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Тұрсынқанұлы Қошқарбаевтың құттықтау сөзімен ашылды. Аудан басшысы түлектерді өмірлеріндегі маңызды белеспен құттықтап, олардың білім жолындағы қажырлы еңбегіне жоғары баға берді. Сонымен қатар, жас түлектерге үлкен сенім артып, алдағы өмір жолдарында толағай табыстар тіледі.
Мерекелік кеш барысында «Алтын белгі» иегерлеріне арнайы төсбелгілер, әсем статуэткалар, алғыс хаттар мен гүл шоқтары табысталды. Бұл марапаттар – түлектердің көп жылғы еңбегі мен білімге деген құштарлығының лайықты жемісі болды.
Шараға аудан тұрғындары, ата-аналар, ұстаздар және білім саласының ардагерлері қатысып, үздік түлектердің жетістіктеріне ортақ қуаныштарын білдірді. Ата-аналар үшін бұл күн – перзенттерінің табысын көріп, маңдай терінің өтеуін сезінген ерекше сәт болса, ұстаздар үшін шәкірт еңбегінің жемісін көрген қуанышты күн болды.
Кеш барысында түлектер өздерін білім нәрімен сусындатқан алтын ұя мектебіне, аяулы ұстаздары мен ардақты ата-аналарына алғыстарын жеткізді. Жүрек тебірентер әсерлі сәттердің бірі – мектеппен қоштасудың символына айналған соңғы мектеп вальсі болды. Әсем әуен ырғағымен биленген вальс кеш қонақтарына ерекше әсер сыйлады.
Мерекелік кештің шарықтау шегі аудан аспанын жарқырата нұрға бөлеген от шашуға ұласты. Ал одан кейін жас түлектердің қатысуымен ұйымдастырылған көңілді би кеші жалғасып, мерекелік атмосфераны одан әрі жандандыра түсті.
«Үздіктер шеруі – 2026» аудан әкімінің балы жас түлектер үшін есте қаларлық жарқын мерекеге айналды. Бұл кеш олардың өміріндегі жаңа белестің бастауы болып, үлкен өмірге қанат қаққан жас буынға ерекше рух пен сенім сыйлады.
Бүгінгі үздік түлектер – ертеңгі ел тірегі. Сондықтан олардың әрқайсысына жарқын болашақ, биік белестер мен толағай табыстар тілейміз.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз