ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 маусым күні Көкпекті ауданы әкімдігінің мәжіліс залында Көкпекті аудандық мәслихатының кезектен тыс қырық төртінші сессиясы өтті. Сессия жұмысына аудан әкімінің орынбасарлары, аудандық мәслихат депутаттары, аудандық қоғамдық кеңестің төрағасы, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының төрайымы, бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері және бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері қатысты.

Жиынды аудандық мәслихат төрағасы Талғат Манапұлы Сарманов жүргізді. Сессия барысында ауданның қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты бірқатар маңызды мәселелер қаралды.
Күн тәртібіндегі алғашқы мәселе Көкпекті аудандық мәслихаты депутатының өкілеттігін мерзімінен бұрын тоқтату туралы болды. Бұл мәселе бойынша аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Ерасыл Ермекұлы Оразханов баяндама жасап, тиісті ақпарат ұсынды. Қарымсақ Санат Батанұлы мемлекеттік қызметке тағайындалуына байланысты мәслихат қатарынан және соған қатысты түрлі комиссия қатарынан шығарылды.
Сондай-ақ сессияда Көкпекті аудандық мәслихатының 2025 жылғы 22 желтоқсандағы №38-11/2 «2026–2030 жылдарға арналған Көкпекті ауданының даму жоспарын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу мәселесі қаралды. Бұл туралы Экономикалық және бюджеттік жоспарлау бөлімінің басшысы Айнұр Сагимбаева мәлімет берді.
Бұдан бөлек, Көкпекті ауданы бойынша тұрғын үй сертификаттарының мөлшерін және оларды алушылар санаттарының тізбесін айқындау жөніндегі ұсыныстар талқыланды. Бұл жөнінде аудандық Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбек Сыдықұлы сөз сөйледі. Бұл бағыттағы шешімдер тұрғындардың баспана мәселесін шешуге қолдау көрсетудің маңызды тетіктерінің бірі болып табылады.


Сессия барысында округтік, аумақтық және учаскелік сайлау комиссияларының құрамдарына өзгерістер енгізу туралы мәселелер де қаралды. Сонымен қатар сегізінші шақырылған Көкпекті аудандық мәслихатының тұрақты комиссияларының құрамына өзгеріс енгізу жөніндегі ұсыныстар талқыланып, тиісті шешімдер қабылданды.
Жиын соңында күн тәртібіне енгізілген барлық мәселелер бойынша депутаттар өз пікірлерін білдіріп, тиісті шешімдер қабылдады. Қабылданған шешімдер ауданның тұрақты дамуын қамтамасыз етуге, жергілікті өзін-өзі басқару жүйесінің тиімділігін арттыруға және тұрғындардың әл-ауқатын жақсартуға бағытталған.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Маусым 2026 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз