Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар...
Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің 2026 жыл, 22 ақпанында шыққан» №8...
Семей қаласында көкпектілік жерлестер бас қосып, тағылымды кездесу өтті. Аталған жиын аудан әкімі...
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық...
Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен...

Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар маңызды жобаларды жүзеге асыру жоспарланып отыр. Негізгі міндеттердің бірі өткен жылы басталған инвестициялық жобаларды толық аяқтап, олардың тиімді жұмыс істеуін қамтамасыз ету. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз маслихатында Көкпекті ауданының әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.
Ауданның туристік және көлік инфрақұрылымын дамыту бағытында Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында 3 кемпинг кешенін салу көзделген. Бұл кешендердің құрамында жаңар-жағармай станциялары мен қонақ үйлер болады. Аталған жоба жол бойындағы сервисті дамытуға және туристер мен жолаушыларға қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
-Экологиялық қауіпсіздік мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазіргі уақытта Көкпекті ауылындағы қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіріп, қалдықтарды реттеу және қайта өңдеу жобасын іске қосу бойынша келіссөздер жүргізілуде.Өткен жылдары аудан аумағын абаттандыру және көгалдандыру жұмыстарына ерекше көңіл бөлінсе, биылдан бастап жаңа кезең өңдеу өнеркәсібін дамытуға басымдық берілуде. Осы бағытта ауданның барлық елді мекендерін қамтитын 3 жылдық даму жоспары әзірленді. Жоспарда өңдеу өнеркәсібін дамыту негізгі бағыттардың бірі ретінде белгіленген,- деді аудан әкімі.
Жеке инвесторлардың қатысуымен ауданда бірнеше жаңа өндірістік және кәсіпкерлік жобаларды іске асыру жоспарланып отыр. Атап айтқанда, күнбағыс майын өңдеу цехын салу, сүт өнімдері кешенін құру, балық өңдеу шағын зауытын ашу, наубайхана, қоғамдық монша, жиһаз цехы және шлак-құм блоктарын өндіру цехын іске қосу көзделген.
Көкпекті ауданында инвестициялық ахуалды жақсарту және кәсіпкерлікті дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Аудан әкімдігі бизнес-қоғамдастықпен тығыз байланыс орнатып, жаңа жобаларды іске асыру арқылы өңір экономикасын дамытуға ерекше назар аударып отыр. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихаты аясында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев баяндады.
- Жүргізілген жұмыстардың нәтижесінде 2025 жылы әлеуметтік және қызмет көрсету салаларына 920 млн теңге көлемінде жеке инвестициялар тартылды. Бұл қаражат есебінен аудан тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталған бірқатар маңызды жобалар жүзеге асырылуда. Атап айтқанда, аудан орталығында 60–80 орынға арналған жекеменшік балабақша салынды. Балабақша 2026 жылы пайдалануға беріліп, нәтижесінде 20 жаңа жұмыс орны ашылады. Сонымен қатар, аудан орталығында заманауи тіс емханасы салынды. Жобаның жалпы құны 50 млн теңге, бұл жерде 5 адам тұрақты жұмыспен қамтылады,- деді аудан әкімі.
Қазіргі уақытта 19 нөмірлік қонақүй құрылысы жүргізілуде. Нысан 2026 жылы аяқталады деп жоспарлануда. Қонақүй іске қосылған кезде 15 жаңа жұмыс орны ашылады.
- Бұдан бөлек, ауданда шағын және орта кәсіпкерлік қарқынды дамып келеді. Қазіргі уақытта құрылыс материалдарын, жиһаз және тамақ өнімдерін өндіру, кірпіш пен брусчатка шығару, сондай-ақ шұжық өндірісі бойынша шағын цехтар жұмыс істеп тұр. 2026 жылға ауданның инвестициялық даму жоспары аясында бірқатар маңызды міндеттер белгіленген. Ең алдымен, 2025 жылы басталған инвестициялық жобаларды толық аяқтау көзделуде. Сонымен қатар, Омбы – Майқапшағай республикалық маңызы бар автомобиль жолының бойында үш кемпинг кешенін салу жоспарланып отыр. Бұл кешендерде жанар-жағармай станциясы, қонақүй және жол бойы сервистік қызметтері қарастырылған, - деп атап өтті Нұрбек Қошқарбаев.
Сондай-ақ Көкпекті ауылында қатты тұрмыстық қалдықтар полигонын қалпына келтіріп, қалдықтарды реттеу және қайта өңдеу жобасын іске қосу бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілуде.
Көкпекті ауданында көші-қон саясаты аясында 109 адам қоныс аударды
Көкпекті ауданында көші-қон саясатын жүзеге асыру және демографиялық ахуалды жақсарту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Соңғы екі жыл ішінде ауданға 109 адам қоныс аударды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен баспасөз мәслихатында аудан әкімі Нұрбек Қошқарбаев мәлімдеді.
- Демография мәселелерін шешу мақсатында ауданда оңтүстік өңірлерден халықты көшіру жұмыстары қолға алынды. Соңғы екі жылда 31 жанұя көшіп келді. Оның ішінде 19 жанұя – Өзбекстан мен Түркменстан мемлекеттерінен келген қандастар, 12 жанұя – еліміздің оңтүстік өңірлерінен келгендер. Өткен жылға арналған қоныс аудару жөніндегі жоспар бойынша қандастар – 19 адам, қоныс аударушылар – 19 адам бағдарламаға енгізілуі көзделген. Орындалғаны бойынша қандастар – 6, қоныс аударушылар – 35 адам көшіп келіп, жоспар 107,8 пайызға орындалды, – деді аудан әкімі.
Биыл ауданда 38 адамды көшіру жоспарланған, оның ішінде қандастар – 19 адам, қоныс аударушылар – 19 адам бағдарламаға енгізілмек. Қазіргі уақытта ауданға 4 қоныс аударушы көшіп келген.
- Қазіргі уақытта өңірлік «Қаладан ауылға» жобасын іске асыру жұмыстары басталып кетті. Ауданда халық саны, оның ішінде бала саны азайып кеткен бес ауыл анықталды. Олар – Биғаш, Толағай, Мамай, Үшкөмей және Ажа ауылдары. Аталған ауылдардың шаруа қожалықтары мен тұрғындары көшіп келемін деген азаматтарға қолдау көрсетуге дайын, – деді Нұрбек Қошқарбаев.
Аудан әкімінің айтуынша, өткен аптада ауданнан арнайы жұмыс тобы Шымкент қаласына барып, университет және колледж студенттерімен кездесулер өткізген. Қазіргі күні аудан аумағында барлығы 109 бос жұмыс орны бар. Оның ішінде өндіріс, денсаулық сақтау, білім беру, ауыл шаруашылығы, мемлекеттік және квазимемлекеттік секторда бос жұмыс орындары ұсынылуда.
Абай облысының өңірлік
коммуникациялар қызметі
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.