Биыл Көкпекті ауданында экономиканы дамыту және жаңа жұмыс орындарын құру мақсатында бірқатар...
Көкпекті аудандық "Жұлдыз-Новая жизнь" газетінің 2026 жыл, 22 ақпанында шыққан» №8...
Семей қаласында көкпектілік жерлестер бас қосып, тағылымды кездесу өтті. Аталған жиын аудан әкімі...
Қазақстан Республикасы Конституцияның 44-бабының 10) тармақшасына және «Республикалық...
Елдің жаңа Негізгі заңының жобасы азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен...
Көкпекті аудандық ауруханасында халыққа медициналық қызмет көрсету сапасын арттыру мақсатында бірқатар құрылыс-жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Бұл жұмыстар емдеу мекемесінің материалдық-техникалық базасын нығайтып қана қоймай, емделушілер мен медицина қызметкерлеріне қолайлы жағдай жасауға бағытталған.
Атап айтқанда, аурухананың кіреберіс тобы мен баспалдақтары толықтай қайта жаңартылып, қазіргі талаптарға сай жөнделді. Бұл өзгерістердің нәтижесінде жедел жәрдем көліктері қабылдау бөліміне кедергісіз тікелей кіре алатын болды. Мұндай шешім науқастарға алғашқы медициналық көмекті дер кезінде көрсетіп, емдеу процесінің тиімділігін әрі жылдамдығын арттыруға жол ашады.
Бүгінде аурухана аумағында есік-терезелерді жуу, тазарту жұмыстары жүріп жатыр. Сонымен қатар, мекеме ғимаратына мемлекеттік рәміздер орнатылып, елдік реңк айшықталуда.
Қазіргі таңда нысанның сыртқы қасбетін жаңарту жұмыстары қызу жүріп жатыр. Жоспарға сәйкес, қасбетті толық жөндеу 15 тамыз күніне дейін аяқталмақ.
Жүргізіліп жатқан бұл жұмыстар – медициналық қызмет сапасын жақсарту жолындағы нақты қадамдар. Жаңартылған аурухана – тұрғындарға жайлы жағдай жасап қана қоймай, денсаулық сақтау жүйесінің даму деңгейін көрсететін маңызды көрсеткіш.
Көкпекті аудандық әкімдігінің баспасөз орталығы
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.