В нашем районе в соответствии с планом начнутся работы по устранению цифрового неравенства. В...
Өткен аптада Абай облысы мәслихатының төрағасы Байбек Шалқар Заманбекұлы Көкпектіге арнайы...
Қазақстан жер көлемі жағынан әлемде тоғызыншы орында. Десек те, қалада үй салатын, ауылда мал...
В районном центре устанавливаются современные автобусные остановки.
Көкпекті ауылындағы тұрғындар көптен күткен жол жөндеу жұмыстары бас-талды. Бұл - өңірдің...
Өткен аптада Абай облысы мәслихатының төрағасы Байбек Шалқар Заманбекұлы Көкпектіге арнайы қызметтік сапармен келді. Ауданымыздың әкімі Әділет Нұрсағатұлы Шалқар Заманбекұлына Көкпекті ауданынының инфрақұрылымын, Көкпекті ауданы бюджетінің 4 деңгейі бойынша жалпы жағдайын, аудандық аурухана жөндеу жұмыстарына бөлінген қаражаттың игерілу жүйесін қысқаша айтып берді.
Қызметтік сапардың мақсаты – қазіргі уақытта құрылысы жүріп жатқан маңызды нысандар мен жақында ашылған жүзу бассейнінің жай-күйімен жақынырақ танысу.
Аудандық аурухана
Ең алдымен Шалқар Заманбекұлына Көкпекті ауылындағы аудандық ауруханаға барды. Бұл мекемеде бүгінде екі ірі жоба жүзеге асырылуда:
1. Аурухана ғимаратының қасбетін жөндеу;
2. Ауруханаға кіреберіс құрылымын қайта құру.
Айта кетейік, аурухана ғимараты алғаш рет 2010 жылы қолданысқа берілген. Ал 2024 жылы оның шатыры мен жылу жүйесін күрделі жөнделіп, қажетті медициналық құрал-жабдықтар сатып алынды. Шалқар Заманбекұлы бұл жұмыстармен танысып, облыстық деңгейде жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екенін жеткізді.
Жаңа бассейн
Одан кейін жақында ғана пайдалануға берілген 4 жолақты жүзу бассейніне барды. Бұрын құрылысы тоқтап қалған бұл нысан бүгінде толықтай іске қосылды. Бассейн – аудан жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына зор мүмкіндік береді. Көкпекті ауылындағы жүзу бассейнінің бас жобалаушысы - «Адал жоба Сервис» ЖШС. Жобаның жалпы құны - 386,247 млн. теңге.
“Таза Қазақстан” акциясы
Сонымен қатар, Әділет Нұрсағатұлы Шалқар Заманбекұлын “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында атқарылып жатқан жұмыстармен таныстырды. Ауданымыздың белсенді кәсіпкері, меценат Владимир Викторович Виничук бастамасымен аудан орталығында көшет отырғызу және көгалдандыру жұмыстары белсенді жүріп жатыр. Ол өз жоспарларымен бөлісіп, бұл істің жалғасын табатынын айтты.
Шәріптоғай ауылындағы жұмыстар
Одан соң Шәріптоғай ауылына барып, медициналық пункттің қазіргі жағдайымен танысты. Шәріптоғай ауылындағы медициналық пункт салу жобасының жалпы құны - 38 534 556 теңге. Бас мердігер «Айзат Құрылыс» ЖШС. Жуық арада бұл медициналық пункт толыққанды жұмысын бастайды.
Абай облысы мәслихатының төрағасы Көкпекті ауданында атқарылып жатқан жұмыстарға жоғары баға беріп, жаңа жобаларға жан-жақты қолдау көрсететінін айтты. Көпшілік алдында беделді, сөзі өтімді, іске тәжірибелі мұндай басшының ат басын бұрып арнайы келуі ауданымызда атқарылып жатқан жобалардың сәтті аяқталуына, алдағы уақытта жаңа жобалардың оңай бекітілуіне септігі көп деп білеміз.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.