ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлтымызда «нанды аяққа баспа, жерге тастама, үстінен аттама киесі атады» дейтін ұлы ұғым  бар. Дастарханымызда ас атасы мол болған сайын еліміздің берекесі тасып, ырысы молаятыны белгілі. Қазір киелі саналатын,дастарханның берекесін келтіретін нан өніміне күн өткен сайын сұраныс көбейюде. Ауданда өзінің қаражатына  шағын  наубайхана ашып, несібесін көріп отырған  кәсіпкерлер саусақпен санарлық қана. Бұл кәсіп қызық болып, редакция тілшілері аудан орталығындағы жұртшылыққа «Қарлығаштың наубайханасы» деп танылған кәсіпкердің жұмысымен танысып қайттық. 

 

Әрине, мақсатымыз наубайхана жұмысымен танысу, ел аузындағы дәмді нанның құпиясын білу болды. Наубайхана ішінде қызу жұмыс. Бір кісі қамыр илеп жатса, екіншісі дайын қамырды қалыпқа салып, пешке орналастырып әлек.

Кәсіп иесі - Қарлығаш Аубакирова. Осы шағын наубайханасын 2 жылдан бері дөңгелетіп отырған кәсіпкер. Жолдасы өмірден өтіп, мойнына екі баласының жауапкершілігін арқалаған ана. Негізгі кәсібіне жұмыссыз кезінен кіріскен ол алдымен үйде отырып нан пісіре бас-тайды. Нан, тоқаш, бауырсақ жасап дүкен сөрелеріне қойған. Уақыт өте келе ешқандай мемлекеттің көмегіне жүгінбей, өзі несие рәсімдеп, серіктесі Қуат Рахметов екеуі бірігіп осы наубайхана жұмысын қолға алады. Қазіргі таңда шағын наубайханада 7 тұрғынды жұмыспен қамтып отыр.
- Бұл істі осыдан 2 жарым жыл бұрын осы ғимаратты жалға алып,жұмысымды бастадым. Кәсіп тоқтап қалмай, жұмысын істеп тұр. Осы бағытта біраз қиыншылықта өтті басымыздан. Алған несиемізді, жалдап отырған ғимараттың ақшасын төлей алмай, тіптен ұн сатып алуға қаражатымыз жетпеген кездер болды. Қазір жаман емес, өнімі-мізді аудан дүкендеріне, сондай-ақ Үлкенбөкен,Қарамойыл ауылдарына жібереміз. Күніне 6-7 қап ұн жаратып, 1000 бөлке жасаймыз. Бәрі кешке дейін сатылып кетеді, кейде тапсырыстан бөлек нанымыз жетпей қалып жатса, тұрғындар ренішін айтады. Сүйген ісіңнен нәтиже көріп жатсаң, содан артық қуаныш бар ма.
Наннан бөлек лаваш,қара нан,тоқаш, бауырсақ,багет,батон пісіреміз. Тіптен, тұрғындардан қатым,ас беру кезінде жеті шелпекке,бауырсаққа тапсырыс түседі уақытында жеткізіп береміз,- дейді Қарлығаш Тұмарбекқызы.
Қызығы 50 кг ұннан күніне 6,7 рет нан иленеді 100-ден аса бөлке шығады. Әр партия 45 минутта дайын болады. Сонымен қатар кәсіпкер ұнды Семей қаласынан төмен бағада алдырады. Айта кетейік, бұл наубайхананың өнімдері ауданымыздың «Gulzhanat market» сау- да дүкенінде және «Вайнах», «Алуа», «Фархат», «Нұр», «Аққу», «Солнечный», «Заречный» дүкендерінде бар. Күн са-йын таңертеңгі 10 кезінде және түстен кейін 14:30 да нан дүкендерге жеткізіледі.
Бүгінде біраз нан өнімін жасауды үйреніп алдым. Сүйіспеншілікпен жасалған нанымызды тұтынушылар мақтап жатады, қуанып қаламын. Жалақым жақсы, ең бастысы, тұрақты, – дейді наубайхана қызметкері Талшын Сейітова.
Кәсіпкер Еңбек күніне орай аудан әкімінің Алғыс хатымен марапатталған. Алдағы уақытта кәсіпкердің жоспары көп. Мемлекеттен қосымша қаржылай қолдау тауып жатса, наубайхананы кеңейткісі келеді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2025 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз