ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектілік жас спортшылар Бексұлтан Маратов пен Ерназар Назарбеков ITF таэквондодан бірінші Орталық Азия чемпионатының жүлдегерлері атанды. Спортшыларды білікті бапкер Бақыт Ғазизұлы Рахимов жаттықтырады.
28 наурыз күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жас таэквондошылармен және олардың бапкерімен кездесті. Қабылдауға сондай-ақ жаңадан тағайындалған №1 БЖСМ директоры Дулат Тұрлыбеков қатысты.
Кездесу барысында Ерназар Назарбеков аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлына Астана қаласында болатын таэквондодан алдағы Әлем чемпионатына да-йындалып жатқандары туралы айтып өтті. Жас спортшының айтуынша, олар өздерінің барлық шеберліктерін көрсетіп, жоғары нәтижелерге қол жеткізуге ниетті. Биылғы жылы Қазақстан Республикасы таэквондодан бірінші рет әлемдік біріншілік өткізеді.


Аудан басшысы Ділдәбек Оразбаев балалармен әңгімелесіп қана қоймай таэквондо үйірмесінің бүгінгі тыныс-тіршілігін сұрап, жаңа спорттық жетістіктер тіледі. Сондай-ақ аудан басшысы жоғары санатты жаттықтырушы, халықаралық дәрежедегі төреші Бақыт Рахимовтың аудандық спорт саласына қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Жиын соңында Бексұлтан, Ерназар және Бақыт Ғазизұлына аудан басшысы бағалы сыйлықтар мен ақшалай сый табыстады.
Турнирге тоқталсақ. 16-19 наурызда Өзбекстан астанасы Ташкент қаласында таэквон-до ITF бойынша бірінші Орталық Азия чемпионаты өтті. Жарыс ұйымдастырушылары Халықаралық таэквон-до ITF федерациясы, Өзбекстан Республикасының жастар саясаты және спорт министрлігі, Орталық Азия таэквон-до ITF Федерациясы және Өзбекстан ұлттық таэквон-до ITF қауымдастығы болды.
Турнирге Түрікменстан, Тәжікстан, Қазақстан, Өзбекстан және Қырғызстан елдерінің құрама командалары қатысты. Спортшылардың жалпы саны 450 адамды құрады. Қатысушылардың жасы 11-13 жас (кадеттер), 14-15 жас (жасөспірімдер), 16-17 жас (жасөспірімдер) және 18+ (ересектер) болды.
Осы мәртебесі биік жарысқа жаттықтырушы Бақыт Рахимов жаттықтыратын көкпектілік спортшылар да қатысты. Лайықты қарсыластармен өткізген күш сынасқан Бексұлтан Маратов 3-ші орынды иеленді, Ерназар Назарбеков 2-ші орынға ие болды.
Айта кетейік, Бақыт Ғазизұлының өзі ұйымдастырушылар тарапынан төреші ретінде шақырылып, турнирдің үздік жеті төрешісінің қатарына енді.
Қазіргі уақытта таэквондошылар Әлем чемпионатына жолдама сарапқа салынатын Шымкент қаласында өткізілмек ел чемпионатына қызу дайындық үстінде.
Жаттықтырушы мен жас спортшылар ата-аналар комитетіне, атап айтқанда Юрий Виничукке жарыстарға қатысу үшін іс-сапарға қаржылай көмек көрсеткені және қолдау білдіргені үшін шын жүректен алғыс білдіреді.
Жаттықтырушы мен оның жеңімпаз шәкірттерін кезекті жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз!

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз