ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Батыс Түрік қағанатының кіндік тамыры болған Көкпекті жері, Толағай тауының етегі – қасиетке толы өңір. Еліне, жеріне Асан қайғының жерұйығын сыйламақшы болған Тарбағатай тауының бір шатқалын көтеріп келе жатқан Толағай дәл осы тұста тау астында қалған деген аңыз бар... Киелі өңірден кешегі тоғыз Кеңес Одағының батыры, тоғыз Еңбек Ерлері, университет түлегі, бүкіл саналы ғұмырын ұстаздық, тәрбиешілікке арнаған Жақия Шайжүнісов, қазақтың көрнекті айтыскер ақыны, өлкетанушы, шежіреші, журналист Қалихан Алтынбаевтардың шығуы заңдылық. Осы орайда Шәкәрім университетінің делегациясы «Шәкәрім керуені» кешенді жобасы аясында қасиетті мекенге ат басын тіреді. 

Басты мақсат – Абай облысы аудандарының мектептерімен бірлескен жобаларды жүзеге асырып, оқушыларға ерте кәсіби бағдар беру жұмыстарын ұйымдастыру.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев алғы сөзінде керуеннің маңыздылығына тоқталып, оқу орны делегациясына алғысын білдірді.


- Бүгінгі күні мамандық таңдау мәселесі басты назарда. Өңірімізден шыққан медицина, білім, ауыл шаруашылығы т.б. салаларының бітіруші университет түлектерімен кездесу ұйымдастырамыз. Себебі, кадр тапшылығы еліміздің ғана емес ауданымыздың басты проблемаласы,- деді аудан әкімі Ділдәбек Тәжібайұлы.
Өз кезегінде университет басшысы Бауыржан Ердембеков Көкпекті ауданының барлық тұрғындарына жобаны қолдағаны үшін алғысын білдіріп, өңірдегі пән мұғалімдерінің тапшылығы тақырыбына тоқталып, бұл мәселені шешу үшін Шәкәрім университеті облыстық, қалалық білім басқармаларымен, мектептермен және аудан әкімдерімен бірлесе қызмет атқаруға дайын екендігін атап өтті.
Шара барысында Бауыржан Ердембеков мектеп кітапханаларының қорына шынайы рухани құндылықтар мен жас ұрпақты тәрбиелеу мәселелерін ашатын авторлық «Абайтану» кітаптарын сыйға тартты.
Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектебінде «Мамандықтар жәрмеңкесі» ұйымдастырылып, түлектерге арналған «Білім апгрейді», «Мамандықты дұрыс таңдайық» тақырыптарында тренинг-кеңестер өткізілді.
-Мамандық таңдауда керуеннің маңызы зор болды. Себебі, мен осыған дейін бейіндік пәндер бо-йынша топтардың санын білмедім. Ендігі кезекте қай оқу орны, қай мамандықта грант саны мен сапасы жоғары екендігін анықтай аламын. Бізге психологиялық тұрғыдан көрсетілген тренингтер жоғары дәрежеде өтті. Шәкәрім университетіне алғысымыз шексіз! - деді "Алтын белгі" төсбелгісіне үміткер Мөлдір Маркален.
Сонымен қатар Көкпекті ауданының бірқатар мектеп түлектеріне Шәкәрім білім беру грантының сертификаттары табысталды, ал Шәкәрім университетінің үздік студенттерінің ата-аналары мен Көкпекті ауданының мамандары – ЖОО түлектері алғыс хаттарға ие болды. Жергілікті атқарушы билік пен ЖОО арасында тығыз байланыс орнату мақсатында аудандық білім бөлімімен меморандумға қол қойылды.
Екі күнге созылған «Шәкәрім керуені» жобасы қала мен ауыл арасын байланыстыруда мызғымас көпірге айналды. ЖОО мен мектеп, ауыл мектептері арасындағы байланыс күшейді. Бірлескен методикалық нұсқаулықтар мен ғылыми жобалар талқыға салынды. Оқушылардың мамандық таңдауына бағыт-бағдар беріліп, ата-аналармен пікір алмасу жұмыстары жүргізілді. Рухани тағылымы мол керуен мақсатына жетті және алдағы уақытта да жалғасын табатыны сөзсіз.
Жансая ТӨЛЕУҒАЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2023 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз