ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазан айының 19-23 аралығында Қарағанды қаласында «NOMAD MMA» бойынша Әлем чемпионаты болып өтті. Турнирге Ресей, Өзбекстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Әзірбайжан, Иран, Пәкістан, Бангладеш және Қазақстан сынды 10 елден 612 спортшы қатысты.
Ел намысын қорғаған аудан спортшылары лайықты нәтиже көрсетіп, абыройымызды асырды. Татамиге шыққан 9 көкпектілік спортшыны тәжірибелі бапкер Жүнісов Руслан Нұрланұлы жаттықтырады. Көкпектілік спортшылар жарыстан түрлі жас және салмақ дәрежелері бойынша жүлделі оралды. Сәтті өнер көрсеткен Дария Ахмерова, Динияр Галиев, Ернұр Кайырлы, Эльдар Ермеков және Әлішер Алтынбеков күміс медальға қол жеткізді. Тағы бір жерлесіміз Дарья Кара қола жүлде олжалады. Сондай-ақ Мария Кара, Әкежан Төлегенов пен Қайрат Алтынбеков олжалы болмаса да жоғарғы деңгейде бақ сынап, тәжірибелерін толықтырды. Бұл жас жеткіншектердің үлкен жеңістері әлі алда.
Көкпектінің жас спортшыларын шыңдап жүрген жаттықтырушы Руслан Нұрланұлы жарысқа қатысуға қолдау білдірген жандарға алғысын жеткізді.


- Көкпекті орта мектебінің ата-аналар комитеті, атап айтқанда Альфия Гусейнова, «Көкпекті орта мектебі» КММ директоры Нұргүл Сарманова, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Зарина Омарова және іс жүргізушісі Эльмира Солтанова көмек көрсетті. Балалар және жасөспірімдер спорт мектебінің директоры Аслан Танысбаевқа да айтар алғысым шексіз, - дейді бапкер.
26 қазан күні жаттықтырушы Руслан Жүнісов бастаған спортшыларды аудан әкімінің орынбасары Марат Теміржанов қабылдап, жарқын жеңістерімен құттықтады. Аудан әкімі Раджан Сейтқановтың атынан толағай табыс тілеп, алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыстады.
Біз де өз кезегімізде жас спортшылар мен Руслан Нұрланұлын әлем біріншілігіндегі жарқын жетістіктерімен құттықтаймыз және жаңа жеңістер тілейміз!
«NOMAD MMA» - бұл Қазақстан Рес-публикасында 2001 жылы құрылған аралас жекпе-жек түрі. Спорттың жаңа түрін жасау үшін еркін күрес, қазақша күрес, кикбоксинг, бокс және басқа да жекпе-жектер сияқты спорт түрлерінен жаттықтырушылар мен төрешілер сараптама тобының көп жылғы қажырлы еңбегі қажет болды. «Nomad MMA» - қазақ жауынгерлерінің ежелгі дәстүрлері мен заманауи әдістерді, жан-жақты даму әдістемесімен рухы мен денесі мықты, өз елінің нағыз патриоттарын тәрбиелеуге мүмкіндік беретін, рухани-мәдени құндылықтар жүйесін біріктірген спортшыны жан-жақты дамыту әдістемесі.
Алғаш пайда болған сәттен бас-тап, 10 жыл ішінде «NOMAD MMA» отандық жекпе-жек түрі Қазақстанның барлық өңірлерін қамтып қана қоймай, 13 мыңға жуық ізбасарына ие болды. Аралас жекпе-жек әлемдік аренасында мойындалып, 27 елде қарқынды дами бастады. «Nomad MMA» стилінің өзіндік айырмашылығы - жекпе-жек жаттығу-лары кезінде жарақат алу қаупі бар техникалық әрекеттерді жою. Күрес және соққы техникасы үшін тең жағдай жасайтын бағалау әрекеттерін қолданады.
«NOMAD MMA» қазақстандық брендін құрудың басты мақсаты - дені сау жас-тарды тәрбиелеу үшін балалар мен жасөспірімдерді дене шынықтыру мен спортқа жаппай тарту, қылмыстық және діни - экстремистік идеологияның зиянды әсеріне қарсы иммунитетті дағдыландыру, патриотизмнің жоғары сезімін қалыптастыру болып табылады. Осы спорт түрінің негізгі міндеттері балалар үшін жаттығу барысында барынша қауіпсіздікті сақтау.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз