СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Өткен айдан бастап, ауданымызда көптеген мекемелер «Ashyq» қосымшасы арқылы жұмыс істеуде. Бұл қосымша көптеген мекемелердің жұмыс істеуін жалғастыруға көмегін тигізуде. Ол жалпыға ортақ, әрі тиімді, халыққа пайдалану үшін жеңіл. Еліміздің көптеген мекеме, кәсіпорын, оқу орындары мен жалпыға ортақ, халық көп жиналатын жерлерде пайдаланылады.
Бізге аудандық кәсіпкерлік және туризм бөлімі хабарлағандай, осы қосымшаға негізделуі керек 134 нысан (шағын және орта кәсіпорындар, жалпыға ортақ мекемелер т.б.) бар, алайда оның 88 – і ғана «Ashyq» қосымшасына сүйеніп жұмыс атқаруда.


Бұл қосымшаны қалай қолданамыз? «Ashyq» қосымшасы карантиндік шаралар кезеңінде бизнеске өз қызметін жалғастыруға мүмкіндік береді. Қоғамдық орындарға кіру үшін азамат қосымша арқылы арнайы QR-кодты сканерлеп, өзінің деңгейін көрсетеді.
«Ashyq» мобильді қосымшасы QR - кодты пайдалану арқылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің жалпы базасымен интеграциялануға және келушінің мәртебесін (вирус тасымалдауы, ауырғаны немесе ауырған адаммен байланыс орнатқаны, вакцина алғаны және алмағаны жөнінде) көрсетеді. Бизнес үшін ол карантиндік шаралар кезеңінде өз қызметін жалғастыруға, сондай-ақ COVID - 19 таралуын барынша азайтуға мүмкіндік беріп, жұқтыруға әкелетін байланыстар санын қысқартады.
Қосымшаны пайдалану - кәсіпкерлер үшін де, азаматтар үшін де тегін. Бұл сервисті тегін мобильді қосымшалар түрінде iOS және Android - те, сондай - ақ веб - нұсқа арқылы қолжетімді. Қазір оны басқа да әлеуметтік маңызды «eGov Mobile» сияқты мобильді қосымша және банктердің қосымшаларынан да таба аламыз.
Түс түрінде берілетін бұл мәртебені мекеменің жауапты қызметкеріне көрсету керек. Қызыл мәртебе қозғалысты шектеу, амбулаторлық қадағалаудағы тұлғалар үшін үй оқшауының қатаң режимін сақтау керектігін білдіреді. Сары – қозғалысты ішінара шектеу - пайдаланушы коронавирустың ПТР деректер қорында байланыста болған ретінде белгіленген болса: пациентке үй оқшауының режимін қатаң сақтайтын орыннан 500 метрден ары емес орналасқан азық-түлік және шаруашылық дүкендеріне, дәріханаларға баруға рұқсат етіледі.
Көк мәртебе – ПТР міндетті болатын орындардан басқа жерлерде қозғалысқа шектеу қойылмайды. Жасыл мәртебе қозғалысқа шектеу жоқ және пайдаланушы деректер қорында COVID-19-ға ПТР тесттен теріс нәтиже көрсеткен дегенді білдіреді.
Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2021 жылғы 13 сәуірдегі қаулысына сәйкес «Ashyq» жобасына енгізілген объектілерде кәсіпкерлік субъектілері келушінің мәртебесін QR - код арқылы немесе ЖСН бойынша тексереді. «Ashyq» жобасына қатысушыларда шектеу іс-шараларын, оның ішінде карантинді бұзу белгілері анықталған жағдайда іс-шаралар мониторинг топтармен жүзеге асырылады.
21 мониторингтік топ (4 аудандық және 17 ауылдық округтер бойынша) күн сайын "Ashyq" қосымшасын пайдалануын, нысандар мен азаматтардың санитариялық талаптарды сақтауына қатысты тексеру жұмыстарын жүргізеді. Аудандық санитарлық - эпидемиологиялық бақылау басқармасының мәліметінше, "қызыл мәртебесі" бар 1 аудан тұрғынына айыппұл салынған.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2021 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
16 17 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз