ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қаңтар айы қадам басқалы Көкпекті ауданы қалың қармен арпалысып әуре-сарсаңға түсіп жатқаны барлығымызға аян. Қалың қардың салдарынан көше жолдары жабылып, көлік қатынауы қиынға соққанын да көзіміз көрді.Табиғаттың бізге тартқан «тосын сыйына» тосқауыл бола алмасақ та, қар тазалау жұмыстары тез әрі тиянақты жүргізіліп жатыр деуімізге толық негіз бар. Оған дәлел «Көкпекті жолдары» ЖШС, «Вайнах» ЖК,  Көкпекті аудандық «Коммуналды шаруа-шылық» жұмысшыларының күн-түн демей жасап жатқан қыруар жұмыстары. «Бүгінде Көкпекті ауылы бойынша ауыл сыртына 11 500 шаршы метр қар шығару орыны дайындалды. Қар белгіленген жерге тасымалдануда. Бүгінгі күнге дейін 6640 куб көлемінде қар шығарылды.

Жұмыс әлі де жалғасын табады» - деп хабарлайды Көкпекті ауылдық округінің әкімі Қайрат Алғазинов. ЖШС Көкпекті жолдарында ерікті еңбек етіп жүрген белсенді жұмысшылардың бірі Ербол Тоқтарбаев. Ол кісінің айтуынша ер азамат болған соң елге пайдаңды тигізу азаматтық парыз. Сондай-ақ ауыл көшелері жиегіндегі қарларды тазалап, жолды кеңейтіп жүрген жұмысшы-механизаторлар Сұлтан Ибрагимов мен Аслан Жұмажанов. Сондай-ақ, жаяу жүргіншілер жолын қардан тазалап қарапайым халықтың жүріп-тұруына ыңғай жасап жүрген әкімшілік жұмысшыларына да ерекше ықылас білдіреміз.   Біздер үйде жылы көрпеге оранып жатқанда осындай еңбекқор азаматтар қарлы боранға қарамастан ел игілігі үшін жұмыс жасауда. Осы орайда «Көкпекті жолдары» ЖШС шаруашылығының директоры Гүлназ Нұрғалиеваға, орынбасары Олег Вишнековқа, «Вайнах» ЖК және қар тазалау жұмыстарында белсенділік танытып жүрген барша жұмысшылар ұжымына аудан жұртшылығы атынан зор алғыс білдіреміз. Халықтың алғысына бөленіп, елдің ақ батасын алып жүрген аудан орталығының әкімі Қайрат Алғазиновтың ерен еңбегін атап өткен жөн. 

Айдын ТОҚСАНОВ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2020 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз