ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

17 қазан күні Қалихан Алтынбаев атындағы аудандық мәдениет үйінің ғимаратында жергілікті өзін-өзі басқару мәселелерін шешу бойынша облыстық семинар өтті. Іс-шараны ШҚО экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы мен Көкпекті ауданының әкімдігі ұйымдастырды. Қатысушыларға аудан әкімінің орынбасары Жасұлан Майкенов кіріспе сөз сөйледі.
Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы басшысының орынбасары Динара Жұманова МӘМ-нің дербес бюджеті мен коммуналдық меншігін енгізу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасы Заңының іске асырылу барысы туралы баяндады.
Талқылаудың тағы бір маңызды тақырыбы бюджеттің IV деңгейін енгізуді ескере отырып, Қазынашылық жүйесіндегі жұмыс пен проблемалар болды. Бұл туралы ШҚО бойынша Қазынашылық департаментінің мемлекеттік бюджетті атқару басқармасының басшысы Айжан Мажирова баяндады. Бюджеттің IV деңгейін енгізу жергілікті өзін-өзі басқару органдарының қаржылық және экономикалық дербестігін кеңейтуге, тиісті бюджеттердің жобаларын талқылауға тұрғындарды тартуға, жергілікті проблемаларды шешу процесіне белсенді қатысуға бағытталған.

Бұдан әрі коммуналдық меншік, Мем-лекеттік сатып алу және жергілікті өзін-өзі басқару бюджетінің орындалуы мәселелері талқыланды. Оларды мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының коммуналдық мүлікті басқару бөлімінің басшысы Ғалия Сейтова, Мемлекеттік сатып алу және коммуналдық меншік басқармасының Мемлекеттік сатып алу бөлімінің басшысы Азамат Керейбаев және қаржы басқармасының қолма-қол ақша және кредит беру бөлімінің басшысы Жаннар Қалиева баяндады.
Өңірлік стандарттар жүйесін, "Ауыл – Ел бесігі" арнайы жобасының жүзеге асырылуын, тірек ауылдар мен ауылдық округтердің кешенді даму жоспарларын экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының стратегиялық жоспарлау бөлімінің басшысы Лейла Мүктағанова түсіндірді.
Елбасының 2019 жылғы 27 ақпандағы "NurOtan" партиясының XVIII съезінде берген тапсырмаларына сәйкес "Ауыл – Ел бесігі" жобасын іске асыру басталды. Бұл жобаның мақсаты: ауылда өмір сүру сапасын жақсарту және ауылдық аумақтарды жаңғырту болып табылады.
Жеке бюджетті енгізу бойынша өз тәжірибесімен Қойгелді Аухадиев атын-дағы ауылдық округінің әкімі Меруерт Малғаждарова бөлісті. Ол осы қызметтің артықшылықтары мен негізгі проблемалары туралы айтты. Іс-шара соңында пікір алмасып, аталған мәселелер талқыланды.

Виктория ГАРМАШОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 31      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз