ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

«Самар» коммуналдық шаруашылығына 2 бірлік жаңа техника сатып алынды. 23 шілде күні жұмыс сапарымен Самар ауылында болған аудан әкімі Асхат Смаилов коммуналды техниканы көріп, тізгін ұстаған механизаторлармен кездесіп, ауыл ақсақалдарымен кеңесті.

Мәдениет үйінің алдына арнайы қойылған техника жанында ауданның құрметті азаматы Баянды Қожамбетов, Самар ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Айдархан Садықов, ауыл әкімі Ахмет Күдербаев әңгіме-дүкен құрып, ойларын ортаға салды. Жаңа техника Самар ауылын абаттандыруға, көшелердің көркін кіргізуге мүмкіндік беретіні айтылды. Аудан әкімі кәсіпорын басшысы Марат Дюсюповке басым бағыттарды белгілеп, бірқатар міндеттер жүктеді. Тәжірибесі мол ақсақал Баянды Кәкенұлы аудан басшысының коммуналды шаруашылықтың техникалық базасын нығайтып, жұмысын жандандырып жатқанына құптарлық білдіріп, тұрғындар игілігі үшін атқарылар шаруаларға сәттілік тіледі.
Заманауи «Погрузчик» жүктеу техникасы мен «Камаз» маркалы жүк көлігі коммуналдық шаруашылықтың жұмысына пайдалануға берілді. Жалпы құны 46 миллион теңгені құраған техниканы алуға қажетті қаражат аудан бюджетінен бөлінген болатын.
- Жеткізілген көліктердің техникалық жағдай-лары өте жоғары. Алдағы уақытта нәтижесін көреміз. Кәсіпорын иелігіндегі ескірген көліктермен салыстырғанда бұл көліктер көпсалалы. Қолға алған шаруаны сапалы әрі уақытылы орындауға өте қолайлы»,- дейді «Самар» коммуналдық шаруашылық директоры Марат Ержанұлы.
Кездесу соңында аудан әкімі Асхат Сайдахметұлы аудан ішіндегі жолдарды жөндеу және ауылдарды абаттандыру жұмыстарын кешіктермей атқару қажеттігіне баса назар аударды. Самар ауылдық округінің әкімі А. Күдербаевтың абаттандыру жұмыстарын ұйымдастыру барысына сын айтылды. Ғимаратарды түнгі жарықтандыру, көше бойында қаулап өскен арамшөптің көзін жою, жарық шамдары бағандарын түзету және бояу сынды шаруалар салғырт атқарылған.
Коммуналды шаруашылық техникасы жуық күндері Палатцы ауылындағы тозығы жеткен ғимараттар мен құрылыс қалдықтарын жоюды бастайды.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Шілде 2019 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз