ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Асхат Смаилов 4 қазан күні жұмыс сапарымен бірқатар елді мекендерді аралады. Үлгілімалшы ауылында білім ордасының жөндеу жұмыстарымен танысып, Қарағандыкөлде тұрғындармен кездесті. Сондай-ақ, Тассай ауылдық округіне қарасты Кленжыра учаскесіндегі бөгеуге арнайы барып, көктемгі тасқынға дайындық барысын талқылады.
Үлгілімалшы ауылындағы Абай орта мектебінің шатырын ауыстыру жұмыстары қыркүйек айында басталған. Бұл мақсатта 87 миллион теңге қаражат қарастырылып отыр. Жөндеу жұмыстары жоспар бойынша 15 желтоқсанға дейін аяқталуға тиіс. Аудан әкімі Асхат Смаилов жөндеу жұмыстарының барысын көзімен көріп, мердігер ұйым өкілімен кездесті. Асхат Сайдахметұлы жұмыстың сапалы жүргізілуін әрі уақытылы аяқталуын талап етті. Ауылдық округ әкімі Мерей Смағұловқа құрылыс барысын үнемі қатаң бақылауда ұстауды міндеттеді.


Көкжайық ауылдық округіне қарасты Қарағандыкөл ауылында бүгінгі күні 31 отбасы өмір сүруде. Негізгі кәсіп көзі – мал шаруашылығы. Қазіргі уақытта ауылда жаңадан кәсіп бастап, мал шаруашылығына мойын бұрған тұрғындар саны артып келеді екен. Елдің алтын бесігі саналатын ауылдан жырақтаған азаматтардың арасында, кейбірі қараша ауылға қайтып қайырылып, ата кәсіпті түлетіп жатқан жайлар соңғы кезде көбейгені қуантады. Қарағандыкөлдік Мерхат Қазақпаев дәл осындай батыл қадам жасаған жан. Ауылдың алтын қазық екенін түсінген азамат жаңадан үй тұрғызып, ескі мал қорасын қалпына келтірген. Асхат Сайдахметұлы ауылда тұрып кәсіп бастаған еңбекқор жандарға мемлекет қашан да қамқорлығын аямайтынын ашып айтты.
Округ әкімі Нұрбек Сүлейменов ауылдағы фельдшерлік пункт, мешіт, қараусыз тұрған ескі ғимараттарды көрсетті. Мешіт ауласында өткен кездесуде жергілікті тұрғындар аудан әкіміне өздерін толғандырған сұрақтарды қоюға мүмкіндік алды. Тұрғындар тарапынан шаруашылықтарды суландыру, өзен арнасын қалпына келтіру, қыс уақытында ауыл арасындағы жолды қардан тазалау және ауыз су мәселесі көтерілді. Аудан әкімі әрбір сұраққа тиянақты жауап қайтара отырып, тұрғындар саны мен шалғайлығына қарамастан әрбір ауылдың мәселесіне көңіл аударылатынын жеткізді. Барлық түйінді мәселелер маңыздылығына қарай кезегімен шешімін табатынын түсіндірді.
Тассай ауылдық округіне қарасты Кленжыра учаскесіндегі бөгеудің мәселесі жыл сайын көтеріліп келеді. Көктемгі су тасқынында бөгеуді жырып кеткен тілсіз жау Көкпекті-Тассай тасжолын шайып кетеді. Кленжыраға арнайы барып, мәселе тудырып отырған бөгеуді өз көзімен көрген аудан басшысы нақты тапсырмалар берді. Тассай ауылдық округінің әкімі Ержан Мазыбаевқа, Көкжайық ауылдық округінің әкімі Нұрбек Сүлейменовке және төтенше жағдайлардың алдын алу қызметіне тасқын суға төтеп беретіп сапалы бөгеу салу мІндеті жүктелді.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз