СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бұл күндері Индонезияның астанасы Джакартада жазғы Азия ойындары өтіп жатыр. Апта басында Джакартадан жағымды жаңалық жетті. Көкпекті ауданының тумасы Данияр Қайсанов еркін күрестен Азия ойындарының күміс жүлдегері атанды. Еркін күрестен сынға түскен жерлесіміз 74 келіде өнер көрсетіп, финалдық белдесуде Өзбекстандық палуанға есе жіберіп, күміс жүлдені місе тұтты.

2018 жылы еркін күрестен Қазақстан чемпионы болған жерлесіміз үшін Азия ойындары сәтті басталған еді. Алғашқы белдесуінде ол катарлық қарсыласын 10:0 көрсеткішімен айқын басымдықпен жеңді. Дəл осындай есеппен ширек финалда вьетнамдық спортшыны да қапы қалдырып кетті. Ал жартылай финал бəсекесінде Оңтүстік Кореяның өкілін 12:8 ұпайымен ұтты. Ақтық сында Данияр өзбекстандық Бекзод Абдурахмановқа 2:3 есебімен есе жіберді. Жас палуанның жеңісті күндері әлі алда деп сенеміз.


- Еркін күрестен Азия чемпионатының қола жүлдегері, Қазақстан чемпионы Данияр Қайсанов бауырымыздың болашағына үлкен үміт артып отырмыз. Даниярдың салмағында Қазақстан чемпионатында бәсекелестік өте жоғары. Олимпиада ойындарының жүлдегері Ақжүрек Таңатаровтың да осы салмақта күресетінін ескерген жөн. Джакартада жалауын көтерген Азия ойындарының алтыны ақтық сында қолдан сусып кеткені өкінішті. Десек те, әлі талай тер төгуге тура келеді. Қателіктерді түзетіп, алдағы байрақты бәсекелерге дайындықты нықтау керек. Басты мақсатымыз – Олимпиада ойындарына жолдама алу. Осы орайда, көкпектілік жомарт азамат Болат Бекбердиновке Даниярдың отбасы, жанашыр ағалары атынан алғыс айтқым келеді. Қолы ашық қамқор азамат Даниярға арнайы степендия тағайындап, қаржылай қолдау көрсетіп келеді. Кіндік қаны тамған Көкпекті халқының қолдауы жас палуанға қосымша күш-қайрат беретіні күмәнсіз – дейді еркін күрестен Қазақстанның еңбек сіңірген жаттықтырушысы Алтай Танабаев ағамыз.
Бүгінгі күні Қазақстан спортшылары 2 алтын, 6 күміс, 18 қола медальмен Азиаданың жалпы есебінде 12-ші орында тұр.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз