СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

5 тамыз күні аудан әкімі Асхат Смаилов жұмыс сапарымен Үлгілімалшы ауылдық округінде болып, «Тана мешіті» ауылының орнымен танысты. Қазақ халқының біртуар перзенті, тарихи тұлға Тана мырза Тілемісұлының өмір сүрген жері, заманында 500-ден аса отбасы тұрған мекен – аудан тарихы үшін маңызды нысан. Ертіс жағасындағы түбекте жатқан жұрттың орнында бүгінгі күні ескі үйлердің орны мен көше сүрлеулері, белгісіз бейіт басына орнатылған алып құлпытас қана қалған.

 

Тарихи орынға жасалған жұмыс сапарына елімізге әйгілі суретші, мүсінші Әлібек Шоқанов, аудан әкімінің орынбасары Дәурен Қойгелдин, ішкі саясат бөлімінің басшысы Бек Нұғыбаев, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Әлібек Саржанов орталық мешіттің бас имамы Нұр Нәсір Дүйсен қатысты. Ел шежіресі мен жер тарихының білгірі, Үлгілімалшы ауылының байырғы тұрғыны, елжанды азамат Айтқазы Смағұлов жол көрсетіп, «Тана мешіті» ауылының тарихын баяндады.
- «Тана мешіті» орналасқан бұл жер - үш өзеннің қиылысындағы түбек. Бөкен, Тентек, Құлынжон өзендері осы жерде түйісіп, Ертіс арнасына құйылады. Бала күнімізде Фазылғазы атамыздың айтқандары әлі жадымызда. Қазақ халқының қасіреті болған 1931-1932 жылдардағы ашаршылыққа дейін «Тана мешіті» 500-ден астам үйі бар үлкен ауыл болған деседі. Азапты жылдары ауылдың халқы тарап кеткен. Фазылғазы атамның естеліктерінде аштықтың азабын мол көрген халықтың қиыншылығы көп айтылатын. Жан сақтап қалғандары Жанажол, Қойтас және Үлгілімалшы ауылдарына барып қосылған екен. Біздің бала күнімізде ескі үйлердің орны анық көрініп тұратын, дуалдары да бар еді. Еліміз бен жеріміздің тарихы біз үшін қастерлі, қасиетті. Оны білу, өшкенін қайта жаңғырту, ұрпаққа жеткізу әрбір адамның парызы деп білемін - деді Айтқазы аға.
Ел мен жерге, туған өлкеге деген сүйіспеншіліктің түп-тамыры ұлттық құндылықтарға қамқорлық жасап, өңір тарихын біліп өсуден басталады. Осы тұрғыда «Рухани Жаңғыру» бағдарламасы елдігіміздің тұмары, өркениетіміздің жәдігері болған жергілікті деңгейдегі тарихи, мәдени ескерткіштері мен нысандарды қалпына келтіру бастамасымен де маңызды әрі өзекті. Соның нәтижесінде бүгінгі ұрпақ жадынан жоғала бастаған көне мекендер, ескерткіштер, тарихи орындар қайта таныстырылып жатыр. Солардың бірі - «Тана мешіті» ауылының орны.
Қалихан Алтынбаев «Ақсуат» кітабында; «1860-1963 жылы Көкпекті округінің сайлауында Тана мырзаны қазақ бұқарасы қолдай тұра, аға сұлтандық лауазым дуан кеңесінде тілмəш қызметін атқарып жүрген Өскемен жақтың қазағы, руы Сарыжомарт Əлхан Тілеубердинге бұйырыпты. Соған қатты назаланған Тана мырза үйіне келіп қайғырып жатып қалған. Содан бəйбішесі Бостан ерінің қайғысын серпілту үшін əкесіне барып, Ертіске құятын үш өзеннің тоғысқан жеріндегі түбекті сұрап алып, сол түбекке 1863 жылы Тана мырза мешіт салғанын, сөйтіп, ол жер «Тана мешіті» ауылы атанған» деп жазады.
- Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасын ұсынып, жас ұрпақтың бойына сүйіспеншілік, патриоттық сезімді қалыптастыру керектігін атап өтті. Туған жерге деген сүйіспеншілік төл тарихыңды тереңнен танудан басталады. Қасиетті өлкеміздің әрбір тауы мен өзені, сайы мен қыры – тұнып тұрған тарих. Оған сай осы өлкеде халқына пана бола білген, ел есінде қалған біртуар тұлғалар бар. Ал, олар жайында, олардың ұлт үшін еткен еңбегі туралы жас ұрпақ білу керек, - деді аудан басшысы Асхат Сайдахметұлы.
Ел ішінде «Тана мырза» деген атпен әйгілі тарихи тұлға, мырза әрі би – Тана Тілемісұлының өмірі мен «Тана мешітінің» тарихы, Ер Сыбанқұл көтерілісі туралы «KÓkpekti» журналының 19 тамызда шығатын санында ауқымды мақалалар жарық көреді.
Осы өңірде туып өскен әрбір азамат туған жердің тұғыры биік қасиетті жәдігері, киелі мекені «Тана мешіті» жайлы айтып отырады.
«Тана мешіті» – тарихи нысан. Оның тарихи орын аталуында да үлкен сыр жатыр. Ал, ұлы даланың елдік ескерткіштері мен мемлекетіміздің мәдени мұрасын көрсетіп тұрған тарихи орындар болашақ ұрпақ үшін танымдық, тағылымдық сипатқа ие. Киелі, қасиетті нысандар біздің ұлтты рухани жұтаңдықтан сақтайтын қалқанымыз және ұлттық мақтанышымыздың қайнар бұлағы екені анық. Тарихи орындар өткеннің бүгінге қалдырған аманаты, ата-бабамыздың үзілмей келе жатқан салт-дәстүрлерінің нақты көрінісі. Оларды қорғап, сақтап және қадір-қасиетін болашақ ұрпаққа жеткізе білу бүгінгі күннің басты мәселесі.

Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз