ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлт пен ұрпақтың бесігін тербетіп, тәрбиесін түзейтін, тіліміз бен дінімізді санамызға сіңіретін Ана деген құрметке ие ардақты жандарға арналып Көкпекті ауданының Қалихан Алтынбаев атындағы мәдениет үйінде салтанатты шара өтті. 

Тыныс-тіршілігімізге нәр берген күн шұғылалы көктем мерекесі – 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні мерекесіне ауданымыздың әр саласындағы қоғамдық жұмысқа белсене араласып жүрген әйелдер қауымы қатысты. «Бәрі де адамның өз қолында, ал адам әйелдің алақанында» деген қанатты сөз әлемді билейтін де, тербейтін де Әйел – ардақты апа, аяулы ана, асыл жар, арлы қарындас. Әйел – отбасының ұйытқысы, бала тәрбиесінің бағбаны, тіршіліктің тұтқасы.
Салтанатты шарада аудан әкімі Р.Н. Сағандықов аруларды құттықтап, лебізін білдірді.


- Құрметті аналар, ардақты әжелер, абзал аналар, аяулы қарындастар! Сіздерді ару көктемнің арайлы мерекесі Халықаралық әйелдер күнімен шын жүректен құттықтаймын. Осы бір тамаша көктемнің бір мерекесі әйелдікке тән әдемділік пен нәзіктіктің мәңгілік белгісі. Қоғамда әйел тек отбасының ұйытқысы ғана емес, мемлекеттік істерге, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысатын жандар.
Қазіргі таңда әйелдердің аймақтың әлеуметтік-экономикалық дамуын-дағы үлесі өлшеусіз. Әсіресе, білім беру, денсаулық сақтау, әлеуметтік қолдау, мәдениет саласындағы олардың еңбегі зор. Ең бастысы, әйелдер қай салада қызмет етпесін, сол саланы дамытып, нығайтуға ерекше үлес қосып, көпшілік құрметіне бөленіп келеді. Көктемнің шұғылалы мерекесімен баршаңызды құттықтаймын. Дендеріңіз сау, отбасыларыңыз аман болсын, – деді аудан басшысы.
Салтанатты жиында сондай-ақ, ұрпақ өсіруімен қатар, ел еңсесін көтеруге, ерен еңбектері арқасында ауданымыздың көркейіп дамуына айрықша үлес қосқаны үшін және ауданның қоғамдық өміріне белсене қатысқаны үшін аудан әкімінің Алғыс хаттарымен 25 адам марапатталды.
Әр отбасының береке-бірлігін қалып-тастырып, халқымыздың дәстүрі мен салтын, оның мәдениеті мен тарихын, тілін қадірлеуді ұрпақтан-ұрпаққа жеткізіп келе жатқан әйелдер қауымына шынайы ризашылық лебізін Жергілікті полиция қызметінің басшысы Фирхат Мавлютов:
- Көктемнің күн шуағымен бірге келетін 8 Наурыз – Халықаралық әйелдер күні көктемнің алғашқы күндері осындай айтулы салтанатпен басталуының өзіндік ерекшелігі бар. Себебі, табиғат тіршілігінің бастауын көктемнен алса, адамзат өз өмірінің бастауының алтын діңгегін анадан алады. Қашанда елге тұтқа, ұрпаққа пана болған әйел затынсыз бүкіл әлемді елестету мүмкін емес.
Құрметті ханымдар! Сіздерді бүгінгі төл мерекелеріңізбен шын жүректен құттықтап, денсаулық, сұлулық, бақыт, қуаныш тілеймін! Сіздер, әрқашан мына өмірге сән беріп, жылу таратып, мейірім төгіп, шуақ шашып тұрасыздар. Мерекелеріңізбен!, - деген жүрекжарды тілегін айтты.
Жиында әйел-анаға деген құдыретін паш етуге келген Көкпекті аудандық орталық ауруханасының дәрігер-рентгенологы Ба-қытхан Мұратұлы Бүлькеновте құттықтауын арнады.
Аналар мен арулар мерекесіне арналған салтанаттың соңы, мәдениет үйінің әртістері және Балалар өнер мектебі шәкірттерінің мерекелік концертіне ұласты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 6 7 8 9 10 11
13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28 29 30 31  

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз