ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасының «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз» атты Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы басым бағыттарының бірі халықты ауыз сумен қамту мәселесі болды. Мемлекет басшысы «қазақстандықтарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мәселелері – халықтың денсаулығын жақсартудың аса маңызды міндеті», деп атап көрсеткендей, халық үшін сапалы ауыз суға қол жеткізудің маңызы зор.
Көкпектіліктер үшін аса маңызды болып отырған ауыз су мәселесі биылғы жылы оңтайлы шешімін тапты. Күрмеуі қиын мәселе мемлекеттік бағдарлама «Аймақтарды дамыту» аясында жүзеге асты. Қай кезде болмасын ауыз судың сапалы болуы маңызды. Су – тіршілік көзі. Халық денсаулығының мықты болуы да таза ауыз судың сапасына байланысты. Жұртшылықтың талап-тілегі біреу. Ол ауыз судың сапалы әрі қолжетімді болуы. Осы жайттар мемлекет тарапынан ескеріліп, мемлекеттік қазынадан қаражат бөлінді. Әр облыс бағдарлы жұмыстар атқарып жатыр. Бұл бағытта облыс көлеміндегі аудандарда айтарлықтай іс атқарылуда. Сондай ауданның бірі – Көкпекті ауданы.


Сөз еткелі отырған «Аймақты дамыту» бағдарламасының басты мақсаты биік. Халықты қажетті мөлшердегі және сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету. Аталмыш бағдарлама аясында Көкпекті ауданында жұмыстар жоспарда тұр. Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы Қ.Джилкишевтің берген ақпараты бойынша төмендегі 4 жобаны жүзеге асыратын болады.
- «ШҚО Көкпекті ауданы Көкпекті ауылы су құбыры желілерін қайта жаңарту». Жобаның жалпы сметалық құны - 1 008,823 млн. тнг. Жобаны іске асыру мерзімі 2018-2020 жж. Мердігер «Union Constructiion Group» ЖШС;
- «ШҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы су құбыры желілерін қайта жаңарту». Жобаның жалпы сметалық құны - 1 928,312 млн. тнг. Жобаны іске асыру мерзімі 2018-2021 жж. Мердігер «НКО» ЖШС;
- «ШҚО Көкпекті ауданы Бастаушы ауылында су құбыры желілерінің құрылысы». Жобаның жалпы сметалық құны - 353, 452 млн.тнг. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 ж. Мердігер ЖШС «Жарма Құрылыс-Газ»;
- «ШҚО Көкпекті ауданы Теректі ауылында су құбыры желілерінің құрылысы». Жобаның жалпы сметалық құны - 307,785 млн. тнг. Жобаны іске асыру мерзімі 2018 ж. Мердігер «Жарма Құрылыс-Газ».
Осы 4 жобаның жалпы құны - 3 598, 372 млн. теңге құрайды. Оның іске асырылу мерзімі де белгілі. «Аймақты дамыту» бағдарламасының іс-шараларын жүзеге асыру Көкпекті ауданының халқын қажетті көлемде сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Жергілікті билік те елді таза ауыз сумен қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөліп отыр. Өйткені, бұл мәселенің халық денсаулығына да, күнкөріс деңгейінің жақсара түсуіне де тікелей қатысы бар. Ауданда су мәселесі қиындығын туғызып келгені рас.
Ел ырыздығын арттырып, көптің алғысын арқалаған «Аймақты дамыту» бағдарламасы аясында атқарылып жатқан бұл біздің аудандағы іс. Осы сияқты облыс бойынша қаншама ауылға ауыз су жетіп жатыр. Келешекте су машақатын көріп отырған тұрғындардың жанайқайы да осылайша оң шешімін тауып жатса игі еді.

КЛАРА ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
      1 2 3 4
5 7 8 9 10 11
12 13 14 15 16 17 18
19 20 21 22 23 24 25
26 27 28        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз