ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қысқы ойындардың ішінде мәр-тебесі жоғары спорт түрі – бұл, әрине, шайбалы хоккей. Бүгінгі таңда шайбалы хоккей Қазақстанда даму үстінде. Республикалық деңгейдегі чемпионатттар, балалар мен жасөспірімдер арасындағы әртүрлі дәрежедегі жарыстар осы сөзімізге дәлел бола алады. Қазіргі кезге дейін мұз айдынында өнер көрсетіп жүрген Өскеменнің «Қазмырыш-Торпедосы», Астананың «Барысы», Қарағандының «Қазақмысы», Павлодардың «Ер-тісі», Алматының «Еңбегі» өз облыстарының намысын қолдан бермейтін мықты командалар.

 

«Ат тұяғын тай басар» дегендей, қазақ - ата жолын қуған, дәстүр жалғастығын сақтап келген халық. Міне, жоғарыда аталған, биік шыңдарды бағындыра білген командалардың ізін жалғап, солардың өнерлерін өздеріне үлгі тұтып жүрген шайбалы хоккейдің жас қырандары біздің ауданда да баршылық. Аудан бо-йынша шайбалы хоккей ойынының ең үздік командасын анықтау мақсатында 23 қаңтар күні Үлкенбөкен ауылының орталық мұз айдынында Көкпекті ауданы әкімі Р.Сағандықовтың қатысуымен мектеп оқушылары арасында турнир өткізілді. Аталмыш турнирге Үлкенбөкен ауылы, Үлгілімалшы ауылы, Көкпекті орта мектебі, Теректі, Мамай ауылының командалары қатысып, тартысты ойын көрсетті. Турнирдің салтанатты ашылу рәсімінде Көкпекті ауданы білім беру, спорт және денешынықтыру бөлімінің басшысы Шолпан Нұрғазықызы Мұстафинова, Үлкенбөкен ауылдық округінің әкімі Нұрлан Назарханов құттықтау сөз сөйлеп, барлық жиналған командаларға сәттілік тіледі. 
Ортаға жеребе тасталып, алғаш сайысқа түсетін командалардың аттары да белгілі болды. Жарысты бастау үшін шайбыны ортаға тастау құқығы Үлкенбөкен командасының бапкері Есет Нұрғазыұлы Тукушевке берілді. Шайбалы хоккей шеберлері айдынға шығып, тартысқа толы дода басталып кетті. 
Шайбалы хоккей өрендері арасында өткен жарыстың соңында сайыстың нәтижесі белгілі болды. Тартысты ойынның қорытындысы бойынша жоғарғы топтар арасында І-орынды Абай орта мектебінің оқушылары, ІІ-орынды Үлкенбөкен ОМ иеленсе, ІІІ-орынды Қ.Аухадиев атындағы орта мектебінің оқушылары жеңіп алды. Орта топтағылар арасынан І-орынды Үлкенбөкен ОМ, ІІ-орынды Қ.Аухадиев атындағы ОМ, ІІІ-орынды Көкпекті ОМ алса, кіші топ ойыншыларының арасында І-орын Үлкенбөкен ОМ, ІІ-орын Абай орта мектебінің оқушылары, ІІІ-орынды Қ.Аухадиев атындағы ОМ оқушылары қанжығалады. 
Жеңімпаз атанған команда мен барлық жүлдегер ойыншыларға аудандық спорт бөлімі тағайындаған мақтау қағаздары мен сыйлықтар табыс етілді. Біз өз кезегімізде, осындай жас өрендер арасынан ертеңгі күні әлемдік спорт ареналарында қазақ елінің намысын асқақтататын чемпиондардың шығуына тілектестік білдіреміз.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2018 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз