СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан орталығындағы Көкпекті орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Б.Сармановтың ұйымдастыруымен 24 қазан күні тұңғыш рет «Күзгі марафон» ұйымдастырылды. Бұл спорттық-туризмдік шараға мектеп ұстаздары мен 13-17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Марафон басталар алдында қатысушыларға қауіпсіздік ережелері және саяхатшылық сапарда өздерін қалай ұстау туралы нұсқаулықтар жүргізілді.
Аталмыш шараның қалай өткені, балалардың одан қандай әсермен оралғаны жайында бізге Біржан Асқарұлы әңгімелеп берді:
- Биғаш ауылына қарай жүретін бағыттағы орманға келіп жеткенде оқушылар бивак құруға және орналасатын орынды жабдықтауға кірісті. Келесі кезекте бірнеше тур бойынша жарыстар басталды. Атап кетсем, жолда кездесетін кедергілерден өту үшін балшықты-сазды жерді басып өту, секіру; аяқты мертіктіріп алған жағдайда алғашқы медициналық көмек көрсету, ботқа пісірушілер байқауы; бивак пен оны құру; уақытқа қарап палатка жинаудан сайысқа түсті.

Қатысушы командалардың барлығы тәжірибесінің аздығына қарамастан, дене шынықтыру пән мұғалімдерінің жетекшілігімен өз іскерліктері мен жылдамдық, тапқырлықтарын тамаша көрсете білді. Сондай-ақ, оқушылар өздерінің отпен ыстық тамақ даярлауға да шебер екендігін дәлелдеді. Жалпы айтқанда, күзгі марафон қатысушыларға жағымды көңіл күй сыйлап, жақсы өтті. Бұл туристік сапар олардың естерінде көпке дейін сақталатын болады, - дейді Біржан Асқарұлы. 

Тәрбие ісінің меңгерушісі Б.Сармановтың айтуынша, қазіргі күні балалар туризмі –туризмнің жалпылама түрлерінің бірі. 13-17 жас аралығындағы балалармен түрлі мақсаттарды алға қойып саяхаттау мектеп оқушыларын салауатты өмір салтына, туған өлкені танып-білуге, мектепте алған дене тәрбиесі мен денсаулығын жақсартудағы білімін молайту мақсатын көздейді. Осындай саяхатшылық сапарлар бүгінгі күні аса өзекті болып отыр. Келешекте басқа туризм түрлеріне қарағанда тәрбиелік мәні жоғары, педагогикалық тәрбиелік жұмыстарда орны ерекше болатын балалар және жасөспірімдер туризмі осы саланың басым бағыттарының бірі болуы қажет.
Балалар мен жасөспiрiмдер туризмi туризмнiң белсендi түрi бола отырып өскелең ұрпақты табиғатпен байланыстыру арқылы оны салауатты өмiр салтына баулуға, жiгер мен руханилыққа тәрбиелеуге, туған өлкенi iс-жүзiнде тануға, қоршаған ортамен, тарих және мәдениет ескерткiштерiмен танысуға ықпал етедi. Сонымен бірге, балалар бойында от жаға білу, тұратын орын дайындау, алғашқы медициналық көмек көрсету, ашық жерде бағдарлай білу, палатка тігу бойынша іскерліктер және байқағыштық, зерттеушілік дағдылар қалыптасады.
Жүйелі түрде туристік сапарларға шыққан жағдайда оқушылардың денсаулығы нығаяды. Өйткені, қазіргі кездегі өскелең ұрпақ уақыттарын көбінесе қозғалыссыз, даланың немесе таудың таза ауасынсыз жабық жерде компьютер алдында немесе әлеуметтік желілерде өткізетіні ешкімге құпия емес. Ал, табиғат аясында олар секіреді, жүгіреді немесе дала жағдайында тамақ дайындайды.
Баланың жан-жақты өсіп-жетілуіне балалар туризмі маңызды роль ойнайды. Экскурсиялар, саяхаттар, жорықтар ақыл-парасат деңгейінің өсуіне, байқағыштығын арттыруға, қоршаған ортаны қорғауға, өз-өзін көрсете алуына және тағы басқа да қабілеттерін арттыруға өз септігін тигізеді. Бұл марафон мектеп ұстаздары мен оқушыларының көңілінен шығып, олар осындай саяхаттар дәстүрге айналса деген ұсыныстарын білдірді.
Өскелең ұрпақтың болашағы үшін жасалған игі бастама жалғасын табады деген сенімдеміз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 30      

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз