ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ветеринария, мал дәрігерлік қызмет мал шаруашылығында маңызды орын алады. Өйткені, саланың дамуы осы қызмет түрімен тікелей байланысты. Бұл сала Елбасының тұрақты назарында, қамқорлығында. Қала мен ауылды асыраушы болып табылатын саланы мемлекет тарапынан қолдау тиісті дәрежеде жүзеге асырылып отыр.
Өткен аптаның сәрсенбісі күні Халықаралық эпизоотиялық бюроның келуіне байланысты, осы салада атқарылып жатқан жұмыстарды саралау мақсатында аудан әкімдігінің мәжіліс залында кеңейтілген семинар-кеңес болды. Семинарға-кеңеске аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов, ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов, Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Е.Сәрсенбаев, «Көкпекті мал дәрігері» КГП директоры К.Терин, Республикалық ветеринарлық зертханасы Көкпекті аудандық филиалының директоры Ж.Бауедимов және ауыл әкімдері, округтердегі ветеринар мамандар қатысты.


Жиынды аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы ашып, ауданның мал шаруашылығында оңды өзгерістер жасалып жатқандығын, ветеринарлық қызметтің салада жетекші орын алатынын атап көрсетті. Күн тәртібі бойынша кезекті сөз алған Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Көкпекті аудандық аумақтық инспекциясының басшысы Ержан Әділханұлы «Нодулярлы дерматиттің алдын алу, аусыл ауруы және анықтау» туралы баяндама жасады.
-«Ветеринарлық қауіпсіздікті сақтау – адамзат саулығының кепілі», - деп Елбасы халыққа Жолдауында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, мал шаруашылығы өнімдерінің экспорттық әлеуетін арттыру және ветеринария жүйесін жетілдіру жөнінде атап айтқан болатын. Сондай-ақ, тәуелсіздік алған жылдардың басында Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Мемлекеттер Дербестігі арасында алғаш 1995 жылы, беделді халықаралық эпизоотиялық бюроға мүше болып кірді.
Ауру тіркелген аймақтардан немесе өңірлерден Халықаралық эпизоотиялық бюро және Қазақстан Республикасы мен Кеден Одағы ветеринариялық талаптарына сәйкес, ауруға сезімтал жануарлар, олардың өнімдері мен шикізатының тасымалдануына жол берілмей, шектеу қойылды. Сол себепті, ежелден мал өсіріп, соның өнімін игілігімізге жаратқан елміз. Өсірген малдың басы көбейіп, өрісі кеңіп, ауруы азайып, халқымыз тек қана сапалы өнімді пайдалануға жазсын. Ол үшін ветеринариялық-санитариялық заңнамаларда бекітіліп берілген талаптарды бұлжытпай орындау керек, - деді Е.Сәрсенбаев.
Мұнан соң, жиынды ветеринария бөлімінің басшысы Е.Төлешов жалғастырып, ауылдық округ әкімдеріне ветеринария дәрігерлерімен бірлесіп атқаратын бірқатар жұмыстарды нақтылап айтты. Сонымен қатар, семинар-кеңес барысында Шұғылбай, Теректі, Үлкенбөкен, Көкжайық, Белое ауылдық округ әкімдері көкейдегі сауалдарын қойып белсенділіктерін көрсетті. Ал, аудан көлемінде 185 ірі қара және 393 қой сарып ауруынан ұшыраған Бастаушы ауылдық округ әкімі А.Отаршинаның немқұрайлылығына аудан әкімінің орынбасары М.Теміржанов қатаң ескерту жасады.
Жиынды облыстық аудан әкімінің орынбасары Марат Қапарұлы қорытындылап, малы саудың-жаны сау болатынын, күнделікті тұрмыста мал өнімдері бірінші қажеттілік екеніне тоқталды. Қазіргі таңда Елбасымыздың тапсырмасы бойынша отандық өнімдерге бірінші маңыз беріліп отырғандығын, буферлі аймақтан шығу үшін жоғарыда аталған жұмыстардың барлығы талапқа сай болу керектігін, қазіргі таңда ветеринар мамандардан талап та, сұраныс та жоғары екендігін айтты.

Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз