ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ж.Шайжүнісов атындағы орта мектептің 8 сынып оқушысы, спорттың бокс түрінен былғары қолғап шебері Өжет Қайырбек жерлестері мен жаттықтырушысын табыс-тарымен қуантып жүр. Наурыздың 15-19 аралығында Аягөз қаласында өткен рес-публикалық турнирде жүлделі ІІІ-орынға ие болды. 2001-2002, 2003-2004 жылдар туылған жасөспірімдер арасында Қазақстан Республикасының жеңімпаздары Қасымов Мақсат пен Кешкілов Мейіржанды еске алуға арналған турнирда 60кг салмақ дәрежесінде былғары доп түйістірген Өжет бабында екенін тағы бір дәлелдеді.


Олай дейтініміз, осыған дейін де талай дүбірлі додаларға барып, топ жарып жүрген Өжет мұның алдында Тарбағатай ауданының орталығы Ақсуат ауылында өткен республикалық турнирден жүлде қоржынын ІІ-орынмен толтырып келген болатын.
«Бос уақытымды дене шынықтыруға және өзімнің алға қойған арманыма жетуге бағыттағым келіп, спорттың осы түрімен шұғылданғаныма бір жарым жылдай болды. Келешекте Қазақстанымыздың даңқын әлемге танытып жүрген батыл ағаларымыздың жолын қуып, Көкпектінің атын шығарғым, чемпион болғым келеді. Жарыстарға қатысып, жүлделі орынға қол жеткізуіме себепкер болған, мені жаттықтырып, баптап жүрген бапкерім Берік Сағынбаевқа алғысым зор. Сондай-ақ, қаражат жағынан қолдау жасап, демеушілік көрсеткен «Шынар», «Думан» дүкендерінің иелеріне үлкен рахмет айтқым келеді», - деп жеткізеді жасөспірім Өжет Қайырбек, балалық көңілінен шыққан шынайы, таза алғысын.
Спортшыға тынымсыз жаттығу мен бап керек. Өжеттің боксқа деген талпынысын шыңдап, оның бойындағы күш, шыдамдылық, шапшаңдық, ептілікке баулып, тепе-теңдік қалпын жақсы ұстай білуге, жұптасып жаттығу кезінде әрбір қимылдың, қорғаныстың әдістерін үйретіп жүрген жас бапкер Берік Рысбекұлына да осындай шәкірттеріңіз көп болып, мәртебеңізді асқақата берсін дегіміз келеді.
Сөз соңында, Өжет Қайырбектің жеке бас құжаттарына байланысты, құлаққағыс ретінде, құзырлы органдарға айтатын бір-екі ауыз назымыз бар. Жасөспірімнің айтуынша, 2012 жылы Қытай Халық Республикасынан ата қонысына көшіп келген. Анасы о дүниелік болып, әкесімен және әпкесімен бірге тұратын баланың әлі күнге дейін құжаттары жоқ екен. Халықаралық жарыстарға қатысып, спорт шеберінің нормативін орындап, аудан спортының дамуына қомақты үлесін қосып жүрген Өжет баламыз тезірек ресми түрде «Спорт шебері» деген құжатын қолына алғысы келеді. Осыған орай, аудандық Көші-қон бөлімінің қызметкерлерінен жас боксшы Өжетке жеке бас құжатын рәсімдеуге қолұшын берулеріңізді өтінеміз.

Бақыт МҮЛІКОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Сәуір 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 19 20 21 22 23
24 25 26 27 28 29 30

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз