ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесін тойлауды Көкжайық ауылы бір апта бұрын бастап кетті. 17.03.2017 жылы Көкжайық ауылында Ардагерлер ұйымының 30 жылдық мерейтойына орай Көкжайық, Биғаш жəне Тассай ауылдары спортшыларының арасында қазақша күрестен жарыс өткізілді. Жарыста Көкжайық құрамасы бірінші орынды иеленді. Жүлделі орындарға мадақтама қағаздары жəне қаржылай сыйлықтар «Елім-ай» шаруа қожалығының басшысы Түсіпбай Миғражұлы Бекбердинов демеушілігімен тарту етілді.

 

Көкжайық орта мектебінде барлық сыныптар арасында «Қош келдің, Әз-Наурыз» атты мерекелік іс-шара өтті. Шараға қатысқан оқушылар да, ата-аналар да, мерекені ұйымдастырып жүрген ұстаздар қауымы да ұлттық нақышта киініп, мерекенің сəнін келтірді. Ата-аналар арасында «Орамал тастау» ұлттық ойынын, «Бесікке бөлеу» дəстүрін көрсетті. Сондай-ақ, мектепте ата-аналар назарына мерекелік концерт ұсынылып, əр сыныпта жайылған дастарханнан дəм татып, алғыстарын білдіріп тарасты. 21 наурызда ауылдық округте Көкжайық, Тассай, Мамай ауылдарының шабандоздарының қатысуымен көкпар өткізілді. Жүлделі бірінші орынды Тассай округінің шабандоздары тақымдады. Жеңімпаздар жəне үздік ойын көрсеткен ойыншыларды Көкжайық округі əкімі мадақтама қағаздармен, қаржылай сыйлықтармен марапаттады. 22 наурыз күні мерекеге сай безендірілген орталық алаңда округ әкімі Нұрбек Сүлейменовтың, Ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болатжан Садықов атаның құттықтау сөзі, ауыл имамы Жұмабек Досбайұлының батасын алған жұртшылық мерекені бастап та кетті. Ұлыс күні концертте «Мирас» этно-мәдени әжелер тобы мерекелік шараға әннен шашу шашып, ұлттық салт-дәстүрді дәріптейтін көріністерін ұсынса, «Бөбек лүпілі» балабақшасының ұжымы тәрбиеленуші балалардың өнерін ортаға салды. Ауыл жастары арасында қазақша күрес және гір көтеруден жарыстар өткізілді. Жеңімпаздар мадақтама қағаздарымен және демеушілердің ұсынған қаржылай сыйлықтарымен марапатталды. Әйелдер кеңесінің төраймы К.Жармұхамбетованың ұйымдастыруымен орталық алаңда барлық ауыл тұрғындарына арналған мерекелік дастархан жайылып, наурыз көже берілді. Ауыл ақсақалдары мерекеге жылы лебіздерін білдіріп, баталарын беріп, алғыстарын жеткізді. Мерекелік күн ауыл тұрғындарына арналған би кешімен мәресіне жетті.

Баршамызға Наурыз мерекесі құтты болып, еліміздің егемендігі мен тыныштығы арта берсін!

Н.Жұмабекқызы, жастар ісі жөніндегі маман

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 22 23 24 25 26
27 28 29 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз