ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Құрметті Көкпекті ауданының тұрғындары!
Қымбатты жерлестер!
Жер-дүниені жаңартып, бусандырып жеткен Ұлыстың Ұлы күні Наурыз – шығыс елдерінің бүкілхалықтық мейрамы құтты болсын! Қазақ халқы Наурыз мерекесін айрықша бағалап, оны жыл сайын үлкен құрметпен есте қаларлықтай тойлауды үрдіске айналдырған.
Күн мен түн теңеліп, күн жылынып, қар еріп, жыл құстары келе бастайтын мерзім. Бұл күні қуанбайтын, шаттанбайтын адам болмайды, өйткені, Наурыз – бірліктің, татулықтың, көктемнің, еңбектің, бақыттың мерекесі болып табылады.


Қазақ халқы үшін, бұл күн - өте қасиетті, киелі саналады. Әрбір қазақ отбасы үшін, Наурыз - жаңа жыл, ырыс-береке, мереке, жыл басы болып есептелінеді. Наурыз мерекесіне байланысты халық арасында жол-жоралар мен әдеп-ғұрыптар қалыптасқан. Адамдар таза киімдерін киіп, бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Наурыз көженің дәстүрлік, мерекелік, ұлттық тағылымы өте зор. Көже ішу – қыс тағамымен, яғни, етпен қоштасуды, ал, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен, яғни, ағарғанмен қауышуды білдіреді.
Ол барша халықты татулыққа, бірлікке, жомарттыққа, ізгілікке, ұйымшылдыққа шақырады. Адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында тазарады, - деген, ұғым қалыптасқан.
Бұл күні бұлақтар тазартылып, ағаштар отырғызылған. «Бұлақ көрсең, көзін аш!», «Бір тал кессең, он тал ек!», деген сөз осыдан шыққан болу керек. Наурыз - достық, еңбек, бейбітшілік мерекесі. Ұлыстың ұлы күні адамдар бір-біріне деген ренішін ұмытып өзіне де, өзгеге де жақсылық тілеген. Дастарқан басында жастар үлкендердің батасын алған. Бата - үлкендердің өзінен жасы кішілерге беретін ықыласты тілегі. Ақсақалдар: «Ұлыс оң болсын! Ақ мол болсын, қайда барса жол болсын!» - деп бата береді.
Біздің елімізде Ұлыстың Ұлы күні – демалыс күні. Халық арасында мынандай тұжырым қалыптасқан: сапарға шықпау, іс тікпеу, ірі іс бастамау, бір-бірін ренжітпеу және ренжімеу, әбес сөйлемеу, кіржумау, ішімдік ішпеу, өйткені, бұл күні барлық даланы Қыдыр Ата аралайды, - деген ұғым бар.
Құрметті көкпектіліктер!
Сіздерді көп ұлтты еліміздің бірлесе тойлайтын - Достық мерекесімен құттықтаймыз. Ынтымағы жарасқан халқымыздың осы бiрлiгiн ұзағынан сүйiндiргей! Әрбiр шаңыраққа Қыдыр дарып, бақ қонсын! Ұлыстың Ұлы күнi құтты болсын, ағайын!

Р.Сағандықов, аудан әкімі
Т.Сарманов, аудандық мәслихат хатшысы

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Наурыз 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
    1 2 3 4 5
6 7 8 9 10 11 12
13 14 15 16 17 18 19
20 21 23 24 25 26
27 28 29 30 31    

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз