ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов әкімдік аппаратының жауапты қызметкерлерінің қатысуымен азаматтарды жеке қабылдау өткізді.


Естеріңізге сала кетейік, бекітілген кесте бойынша, Көкпекті ауылында әр айдың бірінші дүйсенбісі 15.00-ден 18.00 дейін, Самар ауылында, әр айдың бірінші сәрсенбісі 15 .00-ден 18.00-ге дейін аудан әкімі тұрғындардың жеке сұрақтары бойынша қабылдау өткізіп, онда аудан азаматтары әкіммен өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап ала алады.
Қабылдауға келген Тассай ауылдық округінің кәсіпкер азаматы Қанат Тілебалдиннің өтініші мал бордақылау алаңын салудағы құжаттарды ресімдеу кезінде туған мәселелер төңірегінде болды. Бұл мәселелердің шешімін жіті қадағалауды ауылдық округ әкімі Е.Мазыбаев және Көкпекті ауданының сәулет, құрылыс, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің басшысы М.Қапшықовқа тапсырды.
Сондай-ақ, қабылдауда Көкпекті ауылының тұрғыны, зейнеткер Бисағи Рахимжанова тыл еңбеккерлеріне берілетін жәрдемақы жөнінде түсініспеушілігін білдірді. Зейнеткердің өтінішін аудан әкімі жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Бақыт Оразғаливаға тапсырды.
Қабылдау соңында аудан әкімі Рамиль Нығметжанұлы тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды қадап тапсырды.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қаңтар 2017 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
            1
2 3 4 5 6 7 8
9 10 11 12 13 14 15
17 18 19 20 21 22
23 24 25 26 27 28 29
30 31          

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз