ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Көкпектіде қазақ күресінен облыстық турнир өткізілді. Толағай төрінде бес ауданның білекті де жүректі балғын балуандары боз кілемнің үстінде күш сынасты. Ел Тәуелсіздігінің 25 жылдық мерейтойына арналған оқушылар арасындағы жарыста облыстың 5 ауданы мен Семей қаласының «сен тұр, мен атайын» дейтұғын 137 балуаны өздерінің кілем үстіндегі қажыр-қайратын, ептілігі мен ше-берлігін сарапқа салды. Аталмыш дүбірлі дода осымен бесінші жыл қатарынан өткізіліп жатқанын атап өткен абзал.
- Бұл ауданымыз үшін маңызды оқиғалардың бірі. Әкімдіктің қолдауымен біз спортшылар мен бапкерлерге жаңа мүмкіндік сыйлайтын қазақ күресі турнирін жыл сайын өткізіп отырмыз. Бүгінде облыстағы қазақ күресінен дәстірлі өтетін таңдаулы жарыстардың біріне айналғаны қуанышты. Жыл санап қатысушылар саны мен дәрежесі де артып келеді. басты мақсат ұлттық спорты дәріптей отырып, жас ұрпақты салауатты өмір салтына баулу. Елжанды азаматтардың қолдауы арқасында, өңірде қазақ күресі қанатын кеңге жайып келеді, - дейді жарыстың өтуіне демеушілік жасап, ұйымдастыру жұмыстарының басы-қасында жүрген жерлесіміз Санат Қарымсақов.


Көкпекті орта мектебінің спортзалында сарапқа салынған сегіз салмақ дәрежесінің барлығында жергілікті балуандар мықтылығын мойындатты. Тек бір салмақ дәрежесіндегі бірінші орын жүлдесі басқа аудан балуанының қанжығасына байланды. Жарыста ұйымдастырушы жаттықтырушы Дәурен Данабеков әділ қазылық ету мақсатында кілемге қонақ бапкерлерді шығарып, төрелік тізгінін ұстатты. Әр салмақ бойынша бірінші орын алған жас балуандар бозкілемдегі тартысты белдесулер нәтижесінде әділ жолмен анықталды. Абылайхан Заманбеков, Еламан Шалабаев, Ернұр Жұмабаев, Бекжан Ешмұратов, Әділ Мауытбек, Рысбек Рахметов, Әділжан Артықбаев, Амангелді Ғизотоллаев сынды балуандар өз салмағының үздігі атанып, бірінші орындарды еншіледі.
Көрермендердің делебесін қоздырып, балғын балуандардың дегбірін қашырған жарыстың нүктесін «Түйе балуан» атағы үшін болған белдесулер қойды. Арнайы тігілген чемпиондық белбеу мен «Түйе балуан» атағы үлкенбөкендік Амангелді Ғизатоллаевтың қанжығасына байланды. Зор атақ пен үлкен абырой әкелген жеңіс Амангелдінің қанжығасына өзі келіп қона кеткен жоқ. Қажырлы қарсыластармен қайрат сала алысып, жамбас-тап әдіс қолданумен келді. Неше күнгі толассыз жаттығуларда төгілген тер мен бапкердің еңбегінің өтеуі осы жеңіс. Шеберлігіне салмағы сай, қажырына қауқары серік, кескіні келіскен балғын балуанның бұл да бір бағындырған белесі болды. Амангелдінің айдыны артып, абыройы асқақтаған айтулы жеңістерін алдан күтеміз әлі.


Дархан БЕРДІБЕК

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қараша 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
8 9 10 11 12 13
14 15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28 29 30        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз