ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Қазақстан Республикасының егемендік алып, тәуелсіздікке қол жеткізуінің нәти-жесінде қоғам алдына өскелең ұрпақты отан-сүйгіштікке тәрбиелеу міндеті қойылды. Ел тәуелсіздігінің 25 жылдығы мерекесіне орай, аудан әкімі Рамиль Сағандықовтың бас-тамасымен өткен аудандық семинардың күн тәртібіндегі басты тақырып дәл осы жас ұрпақ бойына патриоттықтың дәнін егу жайында болды.
Ұйымдастырушылары Көкпекті аудандық ардагерлер ұйымы және Қ.Аухадиев атындағы ауылдық округтің бастауыш ардагерлер ұйымы болып табылатын семинар Преображенка ауы-лындағы «Еске алу орталығында» өтті. Аталмыш жиынға аудан көлеміндегі білім ордаларынан тәрбие ісінің меңгерушілері, бастауыш ардагерлер ұйымдарының төрағалары, ауылдық округтердің әкімдері, бөлім басшылары мен округтердегі жастар ісі бойынша мамандар қатысты. Жалпы отансүйгіштік сезімі бала бойына ең алғаш балабақшадан, жаңадан тілі шыға бастағандағы «отбасы», «Отан», «ұлттық бірлік», «Тұңғыш Президенттің рөлі» ұғымдарын меңгеруден басталатыны белгілі.
Келесі кезекте бала мектеп табалдырығын аттаған сәттен бастап, дүниетанымы кеңейеді. Әрі қарай кезең-кезеңімен қазақ тілі мен әдебиеті, қазақстан тарихы пәндерін оқып-үйрене келе азаматтық санасы қалыптасады. Осыған орай, семинардың жұмысы мектеп кітап-ханашысы Г.Новикованың қонақтардың назарына кітапханадағы қазақстандық патриотизм мен республика тәуелсіздігіне арналған тақырыптық кітап көрмесін ұсынудан басталды.


Негізінде әрбір азаматтың саяси көзқарасының қалыптасуының басты тетігі оның шығармашылық жасампаздық еңбегінде, қоғам дамуының саяси бағытын іс жүзіне асыруда және еркін саяси диалогта. Осының барлығы оқушылар өз бойында Қазақстан және қазақстандықтардың алға қойған мақсаттары мен идеалдарын нақтылап алуына орай біртіндеп жүзеге асады. Яғни, еліміздің тактикалық және стратегиялық даму бағыттарын түсіну арқылы. Отанымыздың тарихы, жеке тұл-ғалар, оқиғалар қазіргі мектеп оқушыларына өмірлік үлгі бола алады және оларды мақтаныш сезіміне бөлейді. Семинар қатысушыларының мектеп жанындағы екі мұражайды аралап көруінің өзі халқымыздың тұрмыс-салты мен мәдениетінің түп-тамырын өз көзімен көруге жағдай туғызып, жүзбе-жүз кездестірді десе болады. Ол жерде қонақтар еліміздің тарихымен, оның ұлттық құндылықтарымен толық танысуға мүмкіндік алды.
Қазақстан – өте жас мемлекет. Бұлай дейтін себебіміз, тәуелсіздігімізге 25 жыл толуында ғана емес. Қазақстан тұрғындарының жартысынан көпшілігі әлі отыздан аспағандар екендігінде.
Мектептің АӘД пәні мұғалімінің жетекшілігімен дайындалған әскери-спорттық клуб мүшелерінің көрсетілімі семинар қонақтарын бей-жай қал-тырмағаны рас. Осылайша Преображенка мек-тебінің шәкірттері өздерінің әскери даярлығы мен еліне қызмет етуге дайын екендігін көрсете білді. Семинар барысында қонақтарды клуб меңгерушісі А.Хұмырбектің жетекшілігімен ауылдың мәдениет үйінде өткен керемет концерт күтіп тұрды. Бұл жерде «Өрнек» балабақшасының жас талант-тарының, сондай-ақ, мектеп ұстаздары мен оқушыларының өнерін ерекше атап өткен жөн. Концертте орындалған әндер мен қойылымдар, тақпақтар Отанға деген сүйіспеншілік пен патриотизм тақырыбына арналды.
Семинар қорытындысында округтің ардагерлер ұйымының төрайымы Т.Шнайдер «Еске алу орталығының» жұмысы туралы, бастауыш ұйымның атқарған істері жөнінде және жас ұрпақ-ты бұдан әрі патриоттық рухта тәрбиелеу бойынша ұсыныстарымен бөлісті. Тәрбиелік маңызы зор шарадан мол тәлім алған қонақтар ризалығын жасырмай, тағы да осындай тағлымды жиындар болып тұрса деген ой білдірді.
Патриотизм біздің санамызда, жүрегімізде бала кезден бастау алады және бүкіл саналы ғұмырымызға арқау болып, туған мемлекетіміздің дамуына қосатын үлесімізді айқындайды.
Бұл бүгінгі таңдағы ғаламданған әлемде Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігінің алғышарты және елдің өміршеңдігінің тірегі, қоғамдық және мемлекеттік дамудың рухани іргетасы болып табылатын адамгершілік қасеттердің ең бастысы және бірегейі. Сондықтан, еліміздің болашағы ұрпағымызды қалай тәрбиелейтінімізге тікелей байланысты болмақ.

Екатерина СКУДАРНОВА

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Қазан 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
          1 2
3 4 5 6 7 8 9
10 11 12 13 14 15 16
17 18 19 20 21 22 23
24 26 27 28 29 30
31            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз