СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

Көкпекті ауданында биыл қар ерекше көп жауғандықтан көктем кезінде өзен сулары арнасынан асып...

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

5 наурыз күні Абай облысының әкімі Берік Уәли 8 наурыз - халықаралық әйелдер мерекесі...

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

24 қазан күні Көкпекті ауданына 122 жылдық тарихы бар Мұхтар Әуезов атындағы педагогикалық...

Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

20 ақпан күні Әділет Нұрсағатұлы аудан әкімдігінің азаматтарды қабылдау орталығында тұрғындарды...

АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

На минувшей неделе в районном центре состоялся ряд мероприятий, посвященных Дню вывода...

  • СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    СУ ТАСҚЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚТЫ КҮШЕЙТУ БАСТЫ НАЗАРДА

    07.03.2025 05:56
  • ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН  ҚҰТТЫҚТАДЫ

    ОБЛЫС ӘКІМІ ӘЙЕЛДЕР ҚАУЫМЫН ҚҰТТЫҚТАДЫ

    06.03.2025 10:48
  • АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    АЛАШТЫҢ ТҰҢҒЫШ БІЛІМ ОРДАСЫ ҰЖЫМЫНЫҢ АРНАЙЫ САПАРЫ

    04.03.2025 12:14
  • Аудан әкімі аудан тұрғындарын қабылдады

    24.02.2025 11:03
  • АФГАНИСТАН,  ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    АФГАНИСТАН, ТЫ В НАШЕЙ ПАМЯТИ…

    24.02.2025 06:52

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Ағымдағы жылдың 1 тамызында Көкпекті ауданының әкімі Рамиль Нығметжанұлы Сағандықов мекеме басшылары және аудандық әкім аппара-тының жауапты қыз-меткерлерінің қаты-суымен, азаматтарды қабылдау жүргізді.
Естеріңізге сала ке-тейік, бекітілген кесте бойынша, әр айдың бірінші дүйсенбі күні Көк-пекті ауылында және сәрсенбі күндері Самар ауылында аудан әкімі жеке сұрақтар бойынша қабылдау өткізеді. Онда аудан тұрғындары әкіммен өздерін мазалаған мәселелер жөнінде ой бөлісіп, тиісті орындардан жауап ала алады.


Аталған қабылдау кезінде аудан тұрғындары жеке мәселелеріне қатысты өздерін мазалаған сұрақтарын ортаға салды. Мәселен, Көкпекті ауылының тұрғыны Жұмақан Камиләш, баласын жұмысқа орналастыру мәселесімен келіпті. Баласының тек қана Көкпекті ауылында еңбек еткенін қалаған зейнеткердің мәселісін шешу үшін білім және дене шынықтыру спорт бөлімінің басшысы Ш.Мұстафиноваға тапсырма берілді. Сонымен қатар, ол тұрып жатқан үйлерінің қазіргі жағдайы нашар екенін айтып, әкімшілік тарапынан көмек сұрады. Өкінішке орай, жеке үйлердің жөндеу жұмыстарын жүргізуге заң жүзінде әкімшілік тарапынан ешқандай көмек қарастырылмағанын тілге тиек еткен Рамиль Нығметжанұлы Көкпекті ауылдық округ әкімі Қ.Мұқашевқа бұл мәселені бақылауға алуды тапсырды.
Ал, Үлкенбөкен ауылынан келген жас маман Тимур Тоқтасынов жұмысқа орналасуға жәрдем беруді сұрады. Бұл мәселе бойынша аудан әкімі тиісті сала басшыларына тапсырма беріп, бар мүмкіндіктің қарастырылатындығын айтты. Қарағандыкөл ауылынан келген Айгүл Қажикенова осы ауылдағы бұрынғы ескі мәдениет үйінің ғимаратын алуды өтініп келсе, Көкпекті ауылының тұрғындары В.Сүлейменова, З.Боранбаеваның мәселелері тұрғын үй алу, сату мәселесі төңірегінде болды. Әрбір өтінішке назар аударған аудан әкімі қажетті түсініктер берумен қатар, құзырлы орындарға нақты тапсырмалар жүктеді.
Сонымен қатар, аудан әкімі қабылдауында Құмар Раев атындағы балалар үйінің жабылу себебінен жұмыссыз қалған ауыл тұрғындарын қабылдады. Қабылдауға келген жұмыссыздарды байыппен тыңдап және көтерілген мәселелерді жан-жақты тексеріп, тиісті жауабын беретінін айтты. Рамил Нығметжанұлы аудан тұрғындары тарапынан қойылған сұрақтардың шешімін жан-жақты қарап, кейбір мәселелерді әкім аппаратының жауапты қызметкерлері мен аудандағы мекеме басшыларының құзырына белгіленген уақыт мерзімінде орындауды тапсырды.
Бұл қабылдау тұрғындармен қарым-қатынас құралына айналды. Тұрғындар аудан басшысына өздерін толғандырған маңызды жайттарымен келіп, аудан әкімінен түсіністік пен қолдау табатындарына сенім білдіруде.


Клара ҚАЙЫПЖАНҚЫЗЫ

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз