ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

Көкпекті ауданының жас спортшысы, Көкпекті орта мектебінің 11-сынып оқушысы Серіков Санжар...

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

Мемлекет басшысы қонақжайлық танытып, жиынды жоғары деңгейде ұйымдастырғаны үшін Қырғыз...

АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

Білім күніне орай ауданның барлық білім беру ұйымдарында алғашқы қоңырау соғылды. Жаңа оқу жылы...

О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

23 августа 2026 года состоятся выборы депутатов Курултая Республики Казахстан. Депутаты Курултая...

Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

2026 жылғы 23 тамызда Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау өтеді.Құрылтай...

  • ЖАС ВОЛЕЙБОЛШЫНЫҢ ЖЕҢІСІ

    07.09.2026 05:57
  • ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ  ОТЫРЫСЫНА ҚАТЫСТЫ

    ПРЕЗИДЕНТ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ ТОҚАЕВ ШАНХАЙ ЫНТЫМАҚТАСТЫҚ ҰЙЫМЫНА МҮШЕ МЕМЛЕКЕТТЕР БАСШЫЛАРЫ КЕҢЕСІНІҢ ...

    07.09.2026 05:48
  • АУДАН МЕКТЕПТЕРІНДЕ АЛҒАШҚЫ ҚОҢЫРАУ СОҒЫЛДЫ

    03.09.2026 15:43
  • О выборах депутатов Курултая Республики Казахстан

    09.07.2026 06:55
  • Қазақстан Республикасы Құрылтайының депутаттарын сайлау туралы

    09.07.2026 06:55

Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Елбасы Н.Назарбаев жыл сайынғы Жолдауында халықтың әл-ауқатын жақсартуға және жұмыссыздықты мейлінше азайтуға баса мән беріп келеді. Бұл ретте, Үкіметтің «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасы ел игілігіне қызмет жасауда.
Биыл аталмыш бағдарламаның аясында біздің ауданда ауқымды жұмыстар атқарылуда. Бұл бағдарламаның екінші бағыты жеке кәсібін ашып, екі қолға бір күрек табам деушілерді қаржылай қолдауды көздейді. Аталмыш бағыт бойынша берілетін несиенің шарттары да өте тиімді. Несиенің пайыздық үстемеақысы төмен, несие бірнеше жылға қарастырылған. Осындай мүмкіндіктерді ұтымды пайдаланып отырған кәсіпкерлер біздің ауданда жетерлік. Солардың бірі Теректі ауылының тұрғыны Рымғайша апай.


- Мал басын көбейтуді көптен бері ойлап жүрген едік. Онсыз тағы болмайды. Ауылда тұрған соң, мал ұстамау біз үшін жат нәрсе. Қора-қопсымыз кең, малға жайлы. Сондықтан, мемлекеттік бағдарлама арқылы 3 млн. теңге несие алып, 11 бас ірі қара сатып алдық, - дейді.
Қазіргі таңда жеке кәсібін ашуға ниет еткен жандарға тосқауыл жоқ. Тек аянбай еңбек ету керек, сонда ғана кәсіптің жемісін көруге болады. Сонымен қатар, Рымғайша апай, көп балалы ана - Алтын алқа иесі, отағасы Дауылбек аға екеуі 7 бала,11 немересінің қызығын көріп отыр. Береке бірлігі ұйыған өнегелі отбасының шаңырақ көтергеніне биыл 34 жыл.
- «Жұмыспен қамтудың жол картасы – 2020» бағдарламасының ауылда тұратын біздер үшін маңызы зор. Мемлекет тарапынан осындай қолдау-көмек барда, кәсіпкерлікпен айналысам деушілерге мүмкіндік мол, - дейді отағасы Дауылбек аға. Күн өткен сайын табысы молайған кәсіп-керліктің ғана болашағы жарқын, несібесі мол болмақ. Бұл қағиданы Турдиндер отбасы да жақсы түсінеді. Сондықтан да келешекте шағын кәсібін одан әрі кеңейтуді жос-парлап отыр. Міне, Рымғайша апай мен Дауылбек аға несие алып, мал шаруашылығымен айналысып, кәсіптерінің нәсібін көріп отыр. Олардың басты мақсаты – мал басын көбейтіп, ауыл шаруашылығының дамуына үлес қосу.
Ел дамуына өз үлесін қосып, еңбек етіп қазірдің өзінде заман талабына лайық кәсіппен несібелерін тауып отырған бұл отбасының тынымсыз еңбегінің нәтижесін көріп, іштей қатты риза болып қоштастық.

Пікір:

Редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов. 

 

 

Күнтізбе

<< < Тамыз 2016 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 26 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз