16 қыркүйек күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар...
9 қыркүйек күні Көкпекті ауылында командалық көкпардан аудандық іріктеу жарысы өткізілді....
Үлкенбөкен ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Жергілікті кәсіпкер Ринат...
В селе Улкенбокен открылась недавно построенная врачебная амбулатория (ВА). Местный...
Президентский молодежный кадровый резерв (ПМКР) представляет собой отбор, целью которого является...
7 апреля в областном центре - г. Семей аким Кокпектинского района Дильдабек Оразбаев встретился с кокпектинскими студентами, обучающимися в ВУЗах. В рамках встречи в Alikhan Bokeikhan University для выпускников высших учебных заведений была проведена ярмарка вакансий нашего района.
На мероприятие по инициативе акима района Дильдабека Оразбаева были приглашены ветераны – выходцы из нашего района, проживающие в городе Семей. Также в поддержку инициативы на встрече выступили председатель районного Совета ветеранов Слямбек Мукашев, председатель районного маслихата Талгат Сарманов, заместители акима района Марат Темиржанов и Максат Суйесинов, депутат областного маслихата, руководитель аппарата акима района Бек Нугыбаев, директор ТОО «Өрнек» Ержан Койгельдин, депутаты районного маслихата Гульназ Нургалиева, Асыл Толешова, Дархан Дюсембаев, руководители самостоятельных отделов и представители служб района. На встречу пригласили студентов из нашего района, обучающихся в Alikhan Bokeikhan University, государственном университете имени Шакарима и Семипалатинском государственном медицинском университете.
Толығырақ...7 сәуір күні Абай облысының орталығы Семей қаласында Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев жоғарғы оқу орнында білім алып жүрген көкпектілік студенттермен кездесті. Әлихан Бөкейхан университетінде өткен кездесу аясында жоғарғы оқу орындарының түлектері үшін Көкпекті ауданындағы бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Аудан әкімі Ділдәбек Оразбаевтың бастамасымен өткізілген шараға Семей қаласында тұратын көкпектілік ардагерлер шақырылды. Сондай-ақ аудан әкімінің бастамасын қолдап, Семей қаласындағы кездесулерге аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Сләмбек Мұқашев, мәслихат төрағасы Талғат Сарманов, аудан әкімінің орынбасарлары Марат Теміржанов және Мақсат Сүйесінов, облыстық мәслихат депутаты, аппарат басшысы Бек Нұғыбаев, «Өрнек» ЖШС директоры Ержан Қойгелдин, аудандық мәслихат депутаттары Гүлназ Нұрғалиева, Асыл Қайырбекова, Дархан Дүйсембаев және дербес бөлім басшылары, қызмет өкілдері барды. Алаш астанасында білім алатын Әлихан Бөкейхан университетінің, Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің және Семей мемлекеттік медицина университетінің көкпектілік студенттері қатысты.
Толығырақ...30 наурыз күні VIII сайланған Көкпекті аудандық мәслихатының алғашқы сессия отырысы өтті. Сессия отырысына Көкпекті ауданының әкімі Ділдәбек Оразбаев, Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева, аудан әкімінің орынбасарлары, дербес бөлім басшылары, ауылдық округ әкімдері, қызмет басшылары, жаңадан сайланған аудандық мәслихат депутаттары және БАҚ өкілдері қатысты.
Аудандық мәслихат сегізінші шақырылымының бірінші сессиясын Көкпекті аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы Гүлбаран Ақшабаева ашты. Аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрайымы ретінде Көкпекті аудандық мәслихатына өткен депутаттар сайлауының нәтижелері туралы хабарлады.
- 2023 жылғы 19 наурызда Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша сайланатын депутаттарының сайлауы болып өтті. Сайлаушылар тізіміне 9307 азамат енгізілді. Дауыс беруге 7569 сайлау-шы қатысты, олардың ішінде есептен шығару куәліктері бойынша 0 сайлаушы дауыс берді, дауыс беруге арналған үй-жайлардан тыс 93 сайлаушы дауыс берді. Кандидаттардың жалпы саны - 31. Көкпекті аудандық мәслихатының бірмандаттық аумақтық сайлау округтерінен 10 кандидат Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайланды. Құрметті депутаттар! Сіздерді аудандық аумақтық сайлау комиссиясының атынан Көкпекті аудандық мәслихатының депутаты болып сайлануларыңызбен құттықтаймыз. Сіздерге зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге және тікелей депутаттық қызметте табыс тілейміз, - деді комиссия төрайымы Гүлбаран Майлыбайқызы.
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.