Аудан тұрғындарын таза ауыз сумен және басқа да тұрмысқа қажетті қызметтермен қамтамасыз...
Биылғы жылдың 27-29 қараша аралығында Көкпекті ауылында аудан әкімдігінің қолдауымен, Оқушылар...
5 қараша (5 қарашадан кешіктірмеи) Төлеу: * 2024 жылғы қазанда алынған жеке практикамен...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
12-бап. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер 1. Жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын...
7-наурыз күні Семей қаласында облыс әкімі Нұрлан Ұранхаев аруларды мерекемен құттықтады. Салтанатты шараға облысқа қарасты қала мен аудандардан жалпы саны 80 мұғалім, мемлекеттік қызметкер, әлеуметтік сала маманы қатысты.
Мерекелік кештің құрметті қонақтарының қатарында жерлестеріміз - "Рустам" ШҚ басшысы Индира Дүйсенбаева, "Ару-Ана" республикалық байқауының қатысушысы Динара Қизатова, "Көкпекті жолдары" ЖШС Гүлназ Нұрғалиева және "ҚалМұхЖом-Ахмет" шаруақожалығы басшысының көмекшісі Алмагүл Хабидолданова болды.
Өңір басшысы Нұрлан Ұранхаев мерекелік жиында жаңадан құрылған облыстың дамуына әйел азаматшалардың үлесі зор екендігін атап өтті. Облыс әкімі құттықтауында : «Әділдік төрге озып, қайта құрылған Абай облысының бүгінгі тыныс-тіршілігінде білімді, белсенді, әр іске байыпты қарап, байсалды мінез танытатын әйелдерсіз елес-тету қиын. Әр саланы жетік меңгерген, берері мен айтары бар іскер әйелдер – біздің мақтанышымыз! Тектіліктің тамыры тарап, ұлылықтың ұясы болған Абай елінде, Айпара анамыздай ұрпақ қамын ойлап, Зере әжеміздей Заңғар тұлға тәрбиелеген, дүниеге, Ұлжан анамыздай ұлы перзент әкеліп, Қызай, Мұрын аналарымыздай тұтас елге қамқор болған, туған халқын, Бибігүл мен Розадай сүйген, асыл жандар аз емес!», - деді Нұрлан Тельманұлы.
Салтанатты шара барысында облыс әкімі Президент жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның 25 жылдығына орай Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның атынан алғыс хаттар табыстады.
Кеш облыстық филармония және қалалық мәдениет сарайының шығармашылық ұжымының мерекелік бағдарламасымен жалғасты.
Пікір:
Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің редакторы Ф.М.Таянкенов.