16 қыркүйек күні Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаев ауданымызға жұмыс сапарымен келді. Сапар...
9 қыркүйек күні Көкпекті ауылында командалық көкпардан аудандық іріктеу жарысы өткізілді....
Үлкенбөкен ауылында жаңадан салынған дәрігерлік амбулатория ашылды. Жергілікті кәсіпкер Ринат...
В селе Улкенбокен открылась недавно построенная врачебная амбулатория (ВА). Местный...
Президентский молодежный кадровый резерв (ПМКР) представляет собой отбор, целью которого является...
21 шілде күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев жұмыс сапарымен Теректі және Шұғылбай ауылдық округтеріне барды. Аудан басшысы жергілікті тұрғындармен кездесіп, ауылдық округтерде атқарылып жатқан жұмыстарды талқылады. Кездесулерде болашақ жоспарлар да тілге тиек етілді. Ауыл халқының өтініш-тілектері тыңдалып, сұрақтарына жауап берілді.
Аудан әкімі арнайы ат басын бұрған ауылдарда биылғы жылы ауқымды жобалар атқарылып жатқанын айта кеткен абзал. Теректі ауылында ішкі көше жолдарына құм-тас төселуде. Келесі жылы 4 көшеге асфальт салу мақсатында жобалық-сметалық құжаттар дайындалуда. Ал Шұғылбай ауылында көптен күткен таза ауыз су мәселесі шешімін табуда. Бүгінгі күні су құбыры желілерінің құрылысы қызу жүргізіліп жатыр. Аудан әкімінің үлкен-кіші деп қарамай, әрбір ауылға ерекше көңіл бөліп, түйінді мәселелерді жүйелі шешу мақсатында атқарып жатқан жұмысының нәтижесінде ауылдар ажарланып келеді.
Толығырақ...18 шілде күні аудан әкімі Ділдәбек Оразбаев асфальт жол салу жұмыстары басталған Толағай ауылына жұмыс сапарымен барды. Мердігер ұйым “Көкпекті жолдары” ЖШС басшысы Гүлназ Нұрғалиевамен бірге жұмыс барысымен танысты. Аудан басшысы асфальт төсеу жұмыстарының қарқыны мен сапасын көріп, сапалы атқарылуына баса назар аудару керектігін тапсырды.
18 июля аким района Дильдабек Оразбаев посетил с рабочим визитом село Толагай, где началось строительство асфальтовой дороги. Он ознакомился с ходом работ вместе с руководителем подрядной организации - ТОО «Кокпекты жолдары» Гульназ Нургалиевой. Глава района, оценив темп и качество укладки асфальта, поручил сделать акцент на надлежащем завершении работы.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.