Павлодар облысындағы республикалық маңызы бар көлік жолдарының биыл 3 нысанда күрделі жөндеу...
Кроме того, местные жители – молодежь, представители старшего поколения – помогли привести в...
Жергілікті тұрғындар – жастар мен аға буын өкілдері көшелерді ретке келтіруге, қоқыстарды...
10 сәуір күні өткен аудандық мәслихат сессиясында «Көкпекті ауданының құрметті азаматы» атағын...
Көкпекті ауданының бірқатар елді мекендерінде қардың қарқынды еруінен су тасқыны орын алды. Аудан...
Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерекесінің құрметпен аталып өтілгені, оны жақындатқандар үшін ерекше күн болып мәңгі есте қалғаны анық. Ал олардың ұрпағы үшін жыл сайын осы айтулы күнді мақтан тұтар ардагер аға-апаларымен бірге қарсы алғаннан асқан бақыт жоқ. Өкінішке орай, кешегі сарбаз, бүгінгі қарт ардагерлердіің қатары сиреп барады. Бейбіт өмір сыйлаған асыл қазыналарымыздың бірі, Үлкенбөкен ауылының тұрғыны В.С.Винниковті Үлкенбөкен орманшылығының басшысы Рахат Жақыпов отынмен қамтамасыз етті.
Толығырақ...МАРИНОГОРКА АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Мариногорка, Жұмба және Мойылды ауылдарында ағымдағы жылы шілде айының он төртінде «Еңбегің өнімді болса, көңілің сенімді болар» атты сенбілік күні өтті. Сол күні Мариногорка ауылдық округінің тас жолдарының ойылған шұңқырлары тасқұмдармен бітелді. Атқарылған іс-шараға Мариногорка ауылы-ның көлік жүргізушілері көмекке шығып, жергілікті шаруа қожалықтары «Мәмбет», «Порохов», «Жеңіс», «Искра», «Қашырбаев», «Қадырқанұлы», «Дундуков» шаруа қожалықтары өз техникаларымен жол жөндеуге белсене атсалысқан. Ал, «Дюсюпов» шаруа қожалығы Жұмба мен Мариногрка аралығындағы 21 шақырымдық тас жолды тасқұмдармен тегістеген. Аталмыш іс шараға «Бір жағадан – бас, бір жеңнен - қол шығарып» аянбай көмектерін көрсеткендері үшін шаруа қожалық басшыларына және көлік жүргізушілеріне ауылдық округінің әкімдігі - Осындай еліміздің патриот азаматтары көбейе берсін! – деп алғыстарын білдірді.
БАСТАУШЫ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Бастаушы ауылдық округінің аумағында апатты жағдайда тұрған Абай атындағы орта мектептің мәселесі бұрыннан көтеріліп келеді. Бюджеттен бөлінген қаражатты тендер бойынша ұтып алған «Бизнес Экспресс Строй» ЖШС 132 орындық жаңа мектеп салу жұмыстарын атқарады. Жақында мектептің іргетасын қалау жұмыстары басталады.
Сонымен қатар, ауылдық округте көше жарықтандыру бойынша жұмыстар атқарылып, жақында Абай және Новостройка көшелері жарықтандырылған.
БИҒАШ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Биғаш ауылында ауылдық округ әкімі Рауия Алпысбайқызының басшылығымен балаларға арналған спорттық алаң салынып, құрылыс жұмыстары аяқталды. Шағын футбол алаңын салуға 200 мыңға жуық қаражат жұмсалған. Бүгінгі күні ауыл жасөспірімдері жаңа шағын алаңда доп қуып, футбол ойнауда. Алдағы уақытта аталған алаңға волейбол және баскетбол ойнауға арналған құрал жабдықтар орнатылатын болады. Оған қажетті волейбол торы мен баскетбол шеңбері дайын.
КӨКЖАЙЫҚ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІ. Көкжайық ауылдық округіне қарасты Ақой ауылындағы 3,5 шақырымнан астам жолға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. «Рустам» шаруа қожалығының басшысы К.Дюсенбаев пен ауылдық округ әкімі 15 млн. теңге қаражаттық меморандумға қол қойған. Сонымен қатар «Рустам» шаруа қожалығы мұғалімдер көмегімен жаңартылған ескерткішті қоршаулармен қоршап, балалар алаңын жасауды жоспарлап отыр. Одан кейін тұрғындар игілігіне қатымхана салынатын болады. Қатымхана салуға басқы кезде кедергі болған жол мәселесі бүгінгі күні шешімін тапқан.
Дайындаған: Жанерке АБЫЛХАН
Аудан әкімі Раджан Сейтқанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының жеке мәселелері бо-йынша мұң-мұқтажы мен өтініш-тілектерін тыңдады. Партия ғимаратындағы қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және тиісті ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.
Аудан басшысының қабылдауына алдын ала жазылу ретімен барлығы 7 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жер телімін алу мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жұмысқа орналастыру, жеке кәсібін жүргізуге қолдау жасау, Семей-Көкпекті бағытындағы қоғамдық көлік қатынасын реттеу сынды сұрақтармен жүгінді.
Толығырақ...Көкпекті аудандық
«Жұлдыз - Новая жизнь»
газетінің сайтына
қош келдіңіздер!
Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!
Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев.