Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Аудан әкімі Раджан Сейтқанов «Nur Otan» партиясы аудандық филиалының ғимаратында қоғамдық қабылдау өткізді. Санитарлық талаптарды сақтай отырып, аудан тұрғындарының жеке мәселелері бо-йынша мұң-мұқтажы мен өтініш-тілектерін тыңдады. Партия ғимаратындағы қоғамдық қабылдауға аудан әкімінің орынбасарлары, аппарат басшысы, дербес бөлім басшылары және тиісті ауылдық округ әкімдері қатысып отырды.

Аудан басшысының қабылдауына алдын ала жазылу ретімен барлығы 7 тұрғын келіп, өздерін толғандырған мәселелерін жеткізді. Қоғамдық қабылдауға келгендердің дені жер телімін алу мәселесін алға тартса, бірқатар тұрғындар жұмысқа орналастыру, жеке кәсібін жүргізуге қолдау жасау, Семей-Көкпекті бағытындағы қоғамдық көлік қатынасын реттеу сынды сұрақтармен жүгінді.


Ажа ауылына Қытай Халық Республикасынан көшіп келген қандасымыз Әсей Самат аудан басшысына азаматтық алу мәселесі бойынша құжаттарын рәсімдеуде көмек беруін сұрады. Атажұртқа қоныс аударған қандасымыздың сұрағы бойынша аудандық ішкі істер бөлімінің көші-қон жөніндегі мамандарына нақты тапсырма жүктелді. Ауылдық округ әкімі Қайрат Алғазинов пен жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Нұрбек Сүлейменовқа барлық әлеуметтік қолдау шараларын қарастыру тапсырылды.
Орталықтағы сауда дүңгіршектерінің иелері Амина Ескеалмасова мен Бақыт Гафурова аудан басшысына жер телімін заңдастарып беру туралы өтініштерін білдірді. Ұзақ жылдар сауда дүңгіршегінде кәсібін жүргізіп, отбасының табыс көзіне айналдырған еңбекқор жандарды мазалаған мәселе бойынша арнайы жұмыс тобын құрып, түбегейлі шешіп беру туралы тапсырма берілді.
Семей қаласымен аралықтағы жолаушылар тасымалын реттеу үшін облыстық басқармаға қатынас хат жолданады. Зайсан ауданына қатынайтын автобусты арнайы бір орынға тоқтатып, белгіленген жерден нақты бір уақыт аралығында Көкпекті тұрғындарын отырғызу мүмкіндігі қарастыралатын болды.
Қоғамдық қабылдауға келген әрбір тұрғынның өтініші мен ұсынысы тіркеуге алынып, орындалу барысы қатаң бақыланатын болады.

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Ақпан 2022 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
  1 2 3 4 5 6
7 8 9 10 11 12 13
15 16 17 18 19 20
21 22 23 24 25 26 27
28            

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз