Серіктестер

                                                                                                                    

                                                                                         

 

 

Бүгінгі таңда қоғам мамандық иелерінен жоғары кәсіби біліктілікті, коммуникативтік қабілеттілікті, еңбек етуге деген сүйіспеншілікті, қызығушылықты, өз мамандығы бойынша біліктілігін арттыруға даяр болатын мамандық иесін талап етеді.

Балаларды мамандық таңдауға бағдарлау ерте жастан басталғаны жөн, себебі дұрыс таңдалмаған мамандық қоғамға да кері әсерін тигізеді. Кез келген маман иесі өз ісін ыждаһаттылықпен, жауапкершілікпен атқармаса, ол іс нәтижесіз болары сөзсіз. Әлемде мамандық түрлері өте көп, осы көп салалы мамандықтарға таңдау жасау әрине оңай емес.

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебінде тамыз айында кәсіптік бағдар беру бойынша кабинет ашылды. Мектеп оқушыларын мамандыққа бағдарлау мақсатында кабинет жұмысы жоспарланып өз ісін бастады. Алғашқы сабақтарда оқушылардың қызығушылығы мен Отансүйгіштік қасиеттерін дамыту үшін Қостанай қаласындағы әскери академия жайлы бейнеролик көрсетілді. Өскемен қаласындағы педагогикалық колледждің кәсіптік бағдар берушілері келіп, оқушылармен кездесу ұйымдастырылды, колледж өмірінен бейнефильм көрсетілді, таныстыру мақсатында шағын кітапшалар таратылды. Оқушыларды ауыл шаруашылығына қажетті мамандыққа бағыттау үшін Самар аграрлық - техникалық колледжінің тыныс-тіршілігі, онда дайындалатын мамандықтар туралы кеңінен әңгімеленіп, бейнероликтер көрсетілді. Техника тілін таба білу кез келген адамның қолынан келе бермейді. Оған бейім балалар өздері таңдау жасайды. Бұл колледжде балалар жиі қонақта болып, ондағы оқушылардың өмірі, сабақ оқу әдісімен танысады. Колледжде дуальдік оқыту әдісі қолданылатыны туралы олар қазір жақсы біледі.

Оқушыны мамандық әлеміне бейімдеу мақсатында мектеп психологі А.Кезенбаева «Менің сүйікті мамандығым» атты дәріс оқыды, «Қазақстандағы ең абыройлы – 20 мамандық» атты сауалнама алынып, оқушылардың мамандық туралы білімдері сараланды. Климовтың «Дифференциалды – диагностикалық сауалнамасы» әдістемесі бойынша жұмыстары жүргізілді. 9 «а» - 9 «ә» сыныбының оқушыларымен «Мен мамандық әлеміндемін» атты ой –бөлісу тәрбие сағаты өтілді, оқушылар бірнеше мамандықты меңгерген Жұбандық Болғанбаев туралы мағлұмат алып, өздері таңдап жүрген мамандықтарын қорғады. Олар мамандық таңдаудың маңызына, әр істің шебері болу керектігіне көз жеткізді, өз мектебі туралы мол мағлұмат алды, мектеп түлегінің моделін жасады. Абай атамыз: «болмасаң да ұқсап бақ, бір ғылымды сүйсеңіз, ондай болмақ қайда деп, айтпа ғылым сүйсеңіз»,- дегендей, алға ұмтылу, маман иесі болу әр оқушының арманы деп ойлаймын.Тәрбиешілермен, психологпен бірлесіп атқарар бұл жұмыстың да өзіндік салмағы бар. Кәсіптік бағдар беруді қолға алып, мектебімізде осы кабинеттің ашылуына ат салысқан кәсіпкерлер палатасының аудандық филиалының төрайымы Мұқашева Әлия Орынбекқызына алғыс айтамыз.

Б.Ахметқалиева, кәсіптік бағдар кабинетінің меңгерушісі ,

Ж.Болғанбаев атындағы Самар орта мектебі

 

Пікір:

Директор-редактордың блогы

 Көкпекті аудандық  

«Жұлдыз - Новая жизнь» 

 газетінің сайтына

қош келдіңіздер!

 Біздің заманымыз – күнделікті өмірімізге дәстүрлі, қарапайым іс-әрекеттерімізді жаңа әрі жетілдірілген түрімен алмастыра отырып енген жаңа технологиялар уақыты. Бүгінде ғаламтор өміріміздің белсенді бөлігіне, қарым-қатынас орнатудың ыңғайлы және заманауи үлгісіне айналып отыр. Соған сай, біздің газетіміз ашық пікір алмасуға әрдайым дайын. Сіздердің әр пікірлеріңізге қуана жауап береміз және редакция тарапына қойылған қандай сауалдарыңызды да жауапсыз қалдырмауға тырысамыз. Газет сайтынан ауданымыздың ең соңғы жаңалықтарымен таныс болумен қатар, көптеген жаңа және танымдық материалдарды таба аласыздар. Пікірлеріңіз бен тілек-ниеттеріңізді Facebook, Вконтакте әлеуметтік желілеріндегі парақшамызға жолдай аласыздар. Әріптестігіміз қызықты, жаңашыл әрі пайдалы болады деген үміттемін!

Құрметпен Көкпекті аудандық «Жұлдыз» - «Новая жизнь» газетінің директор-редакторы Д.Б.Дюсембаев. 

 

 

Күнтізбе

<< < Желтоқсан 2014 > >>
Дс Сс Ср Бс Жм Сб Жс
1 2 3 4 5 6 7
8 9 10 11 12 13 14
15 16 17 18 19 20 21
22 23 24 25 27 28
29 30 31        

Қаралым санағы

HotLog

Біз әлеуметтік желідеміз